Әуежайларда тексеруге болмайтын шенділер тізімі қайта қаралуы мүмкін - министр

Айшолпан КЕРІМ

  • 04.05.2022

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әуежайлар мен вокзалдарда жоғары лауазымды шенеуніктерді тексермеуге мүмкіндік беретін бұйрық қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін индустрия министрі әуежай, вокзал, метрода тексеруге болмайтын жоғары лауазымды шенеуніктердің тізімін бекіткен еді.

"Қаңтар оқиғасы шенеуніктер мен қарапайым халық арасындағы алшақтық неге әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті. Енді неге мемлекеттік қызметшілерге осындай артықшылықтар беріліп отыр?", - деген журналист сұрағына Өскенбаев аталған тізім бұған дейін де болғанын, қазір тек бұйрық ретінде қайта бекітілгенін айтты. Министр сөзінше, жоғары шенділерді әуежайға тексеріссіз кіргізу әлемдік тәжірбиеде де көп қолданылады.

"Негізі бұл мәселеге қатысты көп сұрақ туындап жатыр. Қарастырып көруге болады. Расымен қоғам талқысына салып, қандай лауазымдарды қысқартып, қайсысын қалдыру керек екенін шешу керек шығар. Жақын арада көре жатармыз", - деп жауап берді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тексеріс жүргізілетін көлік инфрақұрылымы нысандары мен тексеруге болмайтын адамдар тізімі туралы бұйрыққа қол қойған еді. Аталған құжатқа сәйкес, теміржол/автовокзалдар, әуежайларда мен метрода, Ақтау теңіз сауда портында Қазақстан президенті, премьер-министр, сенат пен мәжіліс төрағалары, Ұлттық банк төрағасы, бас прокурор, министрлер және тағы басқалары тексеріссіз кіріп-шыға алады.

Байланысты жаналықтар

«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

05.02.2025

USAID Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырады?

04.02.2025

Американың ұсынысына Украина қарсы емес

04.02.2025

Назарбаевтың Ресейдегі банкі бір жылда 11,3 млрд рубль пайда тапқан

04.02.2025

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

04.02.2025

Трамптың сауда соғысы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін

04.02.2025
MalimBlocks
«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

USAID Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырады?

«АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) бірнеше онжылдықтар бойы салық төлеушілерге есеп бермей, миллиардтаған долларды бақылаусыз, күлкілі, көп жағдайда зиянды жобаларына жіберіп отырған», – деді Ақ үй өкілдері.

Американың ұсынысына Украина қарсы емес

Украина сирек жер қазба минералдарына, мысалы, литий, уран және титанға бай ел. Трамптың сирек жер қазба минералдарына деген қызығушылығы – Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабылдау, деп есептейді NYT.

Назарбаевтың Ресейдегі банкі бір жылда 11,3 млрд рубль пайда тапқан

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

Трамптың сауда соғысы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін