Бельгияда қайтыс болған қазақ байы несімен есте қалды?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 03.02.2021

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болды. Болжам бойынша, ол коронавирустан көз жұмған. Қазақстанның ең бай адамдарының бірі кім еді? Ол несімен ел есінде қалды?

Алиджан Ибрагимов дегенде ел есіне бірінші кезекте «Eurasian National Resources Corporation» компаниясы түседі. Ибрагимов 1992 жылдан бастап осы күнге дейін (өзге олигархтар Александр Машкевич және Патох Шодиевпен бірге) аталмыш компанияның акционерлерінің бірі болған. Бұдан бөлек, Ибрагимовтың иелігінде Еуразия қаржы компаниясының 33%, Еуразия өнеркәсіп компаниясының 33%, Еуразия өндіріс компаниясының 33% акциялары мен  Боралдай әуежай ЖШС, Альтаир Эйр ЖШС, Жайлау гольф клубтары бар. Форбс Қазақстанның 2020 жылғы есебі бойынша Ибрагимовтың байлығы 900 миллион долларды құраған.

Алиджан Ибрагимов ел есінде өзінің ұшан теңіз байлығымен ғана емес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына жақындығымен және түрлі даулы істерде аты аталуымен де қалды. Мысалы, 2014 жылы «тікұшақ қазақгейті» деп аталған Қазақстан мен Франция арасындағы дауда дәл осы Машкевич, Шодиев және Ибрагимов үштігінің аты аталған. 2010 жылы тікұшақ келісіміне аталмыш үштік себепкер болған. Осы уақытта Бельгияда оларға қарсы қылмыстық іс жүріп жатқан. Тергеу бойынша, сол кездегі Франция басшысы Саркози келісім аясында Қазақстанның сол уақыттағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш олигархты Бельгиядағы қылмыстық айыптаудан босату туралы өтінішіне келіскен. Кейіннен Назарбаев өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін айтқан. 2018 жылы Түркияның Нurriyet Daily Newsсайты Нұрсұлтан Назарбаевтың Бодрумда демалып жатқанын және Алиджан Ибрагимовқа тиесілі яхтада болғанын жазған.

 

 

Қырғызстандық Kaktus.Media басылымының мәліметінше, Тоқмақта Алиджан Ибрагимовтың жерлеу рәсіміне дайындық басталған. Болжам бойынша, Ибрагимовтың денесін Тоқмаққа ақпанның 4-і күні әкеледі.

Алиджан Ибрагимов 1953 жылы Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген. Бірақ бала кезінен Тоқмақта тұрған және қызмет жолын осы жерде бастаған. Олигархты Қырғызстанда «Тоқмақ Графы» деп атайды.

Байланысты жаналықтар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады

31.10.2024
MalimBlocks
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады