Белсенді: "Майғазиевтің мені сотқа беруі - саяси тапсырыс"

Malim Админ

  • 14.07.2021

Шымкент қалалық мәдениет үйін басқаратын әнші Сәкен Майғазиев белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берді.

Бүгін Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында баспасөз мәслихаты өтті. Оған азаматтық белсенділер Аружан Дүйсебаева, Айгерім Тілеужан және журналист Инга Иманбай қатысты.

Аружан Дүйсебаеваның сөзінше, Сәкен Майғалиевтің сотқа шағымдануының саяси астары бар. Себебі бірнеше ай өткен соң сотқа жүгінуі сондай ойға итермелейді.

«Маған Сәкен Майғазиевтің менің үстімнен арыз жазуына не түрткі болғанын нақты айтқан жоқ. Жаңа ғана біздің адвокатымыз шағым түсіргеннен кейін ғана Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының хатшысы Зиат Талшын деген азаматша бізге жауап берді. Ол жерде Сәкен Майғазиев «менің ар-ұжданыма нұқсан келтірді, кешірім сұрасын, видеоны өшірсін» деп шағымданған. Бұл жерде Сәкен Майғазиевтің өзі бөлінген қаржыға байланысты жауап беруі керек. Қаншама уақыт өткеннен кейін. Қаншама дәлел көрсетіп жазған журналистерді сотқа бермей, мені сотқа беруін саяси тапсырыс деп білемін. Себебі соңғы митингтерде Демокаратиялық партия белсенділеріне өте қатты қысым көрсетілді. Ұрды, соқты, тіпті кейбіреуін қамады», - деді Дүйсебаева.

Бұдан бөлек, белсенді «Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрамайтынын, оның орнына әншінің өзі халыққа Наурыз мерекесі мен Музарт тобының ән кешіне кеткен қаржыға есеп берсін» деді.

«Осы бастан айтайын, бұл оның (Сәкен Майғазиевтің-ред) өзінің ұстанымы болсын немесе биліктің тапсырмасы болсын, мен одан кешірім сұрайды десе, қатты қателеседі. Мен ешкімнен, ешқандай кешірім сұрамаймын. Керсінше, Сәкен Майғазиев осы жұмсалған қаржы жөнінде нақты мәлімет, ақпарат беруі керек. Егер «Нұр Отанның» сотына сеніп отырса, онда әрине Сәкен Майғазиев жеңеді. Егер әділдік болсын деп, шынымен зерттелетін болса, онда Сәкен Майғазиев баяғыда сотталып кететін еді», - дейді Дүйсебаева.  

Бірнеше ай бұрын Демпартияның ютуб арнасында Аружан Дүйсебаеваның «Сәкен Майғазиев Шымкентте қанша ақша тонады?» және «Сәкен Майғазиев пен Шымкент шенеуніктері бюджетті қалай тонап жатыр?» деген екі видео жарияланған. Онда белсенді Майғазиев басқаратын мекеменің Наурыз мерекесіне жарты миллиард теңге жұмасағанын сынап, әншіні «жемқор» деп атаған.

Үш жарым ай бұрын мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректерді негізге алған журналистер мен белсенділер әнші Сәкен Майғазиев басқаратын Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурызға арналған іс-шараларға 595 млн теңге қаржы бөлгенін анықтаған. Сол кезде бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырған.

  

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті