Британдық БАҚ: Айсұлтан Назарбаев Лондонға он күн бұрын келген

Malim Админ

  • 17.08.2020

Айсұлтан Назарбаев Ұлыбритания карантинге жабылмай тұрып Қазақстанға кеткен, ал Лондонға қайтыс болардан он күн бұрын ғана келген. Бұл туралы британдық Telegraph басылымы жазды.

"Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені отбасын жемқорлыққа қатысты айыптаған мәлімдемесінен кейін бірнеше айдан соң Лондонда қайтыс болды" атты тақырыппен Telegraph-та шыққан мақала Айсұлтан Назарбаевтың атышулы мәлімдемесін еске салады. Басылым "жүрек талмасынан" қайтыс болды делінген Айсұлтан Назарбаев қайтыс болардан бірнеше ай бұрын отбасының жемқорлыққа батқаны жайлы мәлімдеме жасағанын жазады. Сондай-ақ Telegraph Айсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы "бармақ басты, көз қысты" миллиардтаған доллар жемқорлықтың бетін ашқан соң туыстарынан қауіптеніп, Ұлыбританиядан саяси баспана сұрағанын жазады.

"Былтыр 30 жастағы Назарбаев West End-тегі бейтаныс адамның пәтерінде полицейдің қолын тістеп алған. Адвокат Майкл Волкинг оның бұл әрекетін кокаинге әуестікпен және психологиялық күйзеліспен түсіндірген. Одан екі күн бұрын Айсұлтан Назарбаев балконнан секіріп, өзіме қол жұмсаймын деп қорқытқан".

Бұл оқиғадан кейін сотқа тартылған Айсұлтан Назарбаевты сот шартты жазаға кесіп, есірткіге тәуелділіктен емдейтін емханаға мәжбүрлі емге жіберген.

Британдық басылымның жазуынша, Айсұлтан Қазақстанға Ұлыбритания карантинге жабылмай тұрып қайтып оралған, бірақ он күн бұрын Лондонға қайтып келіпті.

Ұлыбританияда карантин 23 наурызда басталғанын ескерсек, Айсұлтан Назарбаев Қазақстанға біраз уақыт жүргенге ұқсайды.

30 жастағы Айсұлтан Назарбаев бұрынғы сенат спикері Дариға Назарбаева мен Австриядағы бұрынғы елші, Вена түрмесінде 2015 жылы қайтыс болған Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Соңғы жылдары Айсұлтан Назарбаев Қазақстан билігін сынап, туыстарына айып таққан.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жазуынша, Айсұлтан Назарбаевты жерлеу рәсімі бүгін өтеді.

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған