Дариғаның орнын кім басады?

Бұрынғы депутат Дариға Назарбаеваның мәжілістегі орнына саясаттанушы Саясат Нұрбек отыратын болды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 25.02.2022

"NurOtan" партиясының саяси кеңесі Дариға Назарбаева босатқан мәжілістегі депутат мандатын Саясат Нұрбекке беру туралы шешім шығарды. 

Саясат Нұрбек әртүрлі жылдары президент әкімшілігінде, мемлекеттік басқару академиясында, "Самұрық Қазына" қорында және "NurOtan" партиясының ішкі саясат бөлімінде қызметтер атқарған. Соңғы жылдары "еуразиялық үштікке" қатысы бар BTS Digital және BTS Education жобаларында жұмыс жасаған.

Бүгін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева өзінің депутаттық мандатынан бас тартып, қайырымдылық жасауға кететінін хабарлаған.

10 ақпан күні "нұротандық" мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Дариға Назарбаева өз еркімен отставкаға кетуі керек" деп пікір білдірген. 

11 ақпаннан бастап, белсенділер Назарбаеваның отставкасын талап ететін петицияға қол жинаған.

Қаңтар оқиғасы кезінде "Дариға Назарбаева Дубайға кетіп қалды" деген ақпарат тараған. Алайда оның көмекшісі бұрынғы депутаттың коронавируспен ауырып, Алматыда емделіп жатқанын айтқан. Депутат Назарбаева қаңтардан бері мәжілістің бірде бір отырысына қатыспаған. 

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын туыстарының барлығы өздері атқарып отырған лауазымдардан кеткен болатын. Өкілеттілігі сақталып келген әулеттің соңғы мүшесі осы Дариға Назарбаева еді.

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады