Дауыс беру – конституциялық құқығыңды қорғау
Қостанай қаласында парламент мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен белсенді қарым-қатынасты жалғастыруда. Қалалық маслихат депутаттығына кандидат Дмитрий Иванович Павленко "СарыарқаАвтопром" және "АгромашхолдингKZ"ұжымдарымен кездесу өткізді. ⠀
"Компаниялар өсіп келеді, бүгінде мұнда 2000 адам еңбек етеді. Бұл жұмысшылар, инженерлер, зертханашылар - сайлауға қатысты көптеген сұрақтар болды, олар не үшін өткізіледі, неге барады, бұл біздің өмірімізге қалай әсер етеді. Біздің қызметкерлеріміз осындай сұрақтар қойғаны қуантады", - деді Дмитрий Павленко.
Кандидаттың сөзінше, "Nur Otan" партиясы - әрекет етуші, әрекетке қабілетті, халық экономикалық және саяси реформалар бағытын қолдайтын партия. Ең бастысы, көпұлтты Қазақстандағы тұрақтылық пен достықты жоғары бағалайтын, осы жолдан еш таймайтын іргелі партия.
"СарыарқаАвтопром" және "АгромашхолдингKZ" ұжымы кандидаттың бұл сөзіне қолдау білдіріп, «10 қаңтарда әрқайсымыз қандай елде, қандай даму жолына, нендей өмір сүруді таңдауға тура келетін күн» деді. Кездесуде сондай-ақ, әр сайлаушы 10 қаңтарда нені білуі керек деген сұрақтар да қойылды. Кандидат сайлаушылар өз учаскесін kostanayelection.kz сайтынан табуға болатынын айтып, қалауы түскен партиясына дауыс беруге шақырды.
Дауыс беру - өз конституциялық құқығыңды пайдалану және демократияның дамуына жағдай жасауың деді кандидат.
Қостанай облысы Қостанай қаласының сайлау қорының қаражатынан "Nur Otan" партиясының ақысынан төленді»