Дональд Трамптың инаугурациясы жабық ғимаратта өтеді

Malim Админ

  • 18.01.2025

АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамптың салтанатты ант беру рәсімі 40 жыл бұрын Рональд Рейганның 2-ші рет ант бергеніндей жабық ғимаратта өтеді әрі халыққа арнаған сөзін де сонда оқиды, деп хабарлайды «Америка дауысы».  

Дональд Трамп өзінің инаугурациясының дүйсенбі күні АҚШ-тың Капитолий ғимаратында өтетінін хабарлады, себебі күн қатты суық болғандықтан, ашық аспан астында өткізуге қолайсыз.

Елге арктикалық суық келе жатыр. Мен адамдардың зардап шегуін немесе жарақат алуын қаламаймын, – Сол себепті мен инаугурацияда сөйлетін сөзімді, дұғалар мен басқа да шараны АҚШ Капитолийінің ротонында айтылуын өтуін тапсырдым, деді Д.Трамп.

Соңғы рет 40 жыл бұрын, 1985 жылы, Рональд Рейганның екінші ант беру рәсімі қатты суық салдарынан жабық ғимаратқа ауыстырылған болатын. Ол кезде түстен кейін ауа температурасы минус 29 градусқа дейін түскен.

Вашингтондағы ауа райы болжамы бойынша, Трамптың ант беруі кезінде температура шамамен - 7 градус болады, бірақ жел соғады деген болжам бар, сондықтан суық одан да күшті болуы ықтимал.

Трамптың айтуынша, оның қолдаушылары рәсімді Capital One Arena спорт кешенінде, Вашингтон орталығында 20 000 адамға арналған ғимаратта көре алады.

Жексенбі күні, инаугурация қарсаңындаТрамп сол аренада өз қолдаушыларымен митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: PETER ZAY / AFP

Байланысты жаналықтар

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

03.04.2025

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025
MalimBlocks
Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сауда балансының тапшылығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен, төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі