Джо Байден ұлына рақымшылық жасады
Жексенбі күні кешке жариялаған мәлімдемесінде Джо Байден ұлының соты туралы «саяси астары бар» және сол үшін заңсыз шешімдермен аяқталды деп мәлімдеді.

Фото: ВВС
АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша сотталған және үкімін күтіп тұрған ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасады. Бұл жөнінде ВВС жазды.
«Осы қызметтегі алғашқы күннен бастап мен Әділет министрлігінің шешім қабылдауына кедергі келтірмейтінімді айттым және ұлымның арнайы және әділетсіз қудаланғанын бақылап отырсам да, мен өз сөзімді орындадым», - деді Байден.
Қыркүйек айында Байденнің мен оның баспасөз хатшысы ұлына рақымшылық жасау туралы жарлық шығарғысы келмейтініне сендірген.
Маусым айында қазылар алқасы 54 жастағы Хантер Байденді 2018 жылы қару сатып алған кезде оның есірткіге тәуелді екенін жасырғаны үшін кінәлі деп тапты.
Ал қыркүйекте Хантер Байденнің өзі тағы бір іс – салық төлеуден жалтару бойынша кінәсін мойындады.
Жексенбі күні кешке жариялаған мәлімдемесінде Джо Байден ұлының соты туралы «саяси астары бар» және сол үшін заңсыз шешімдермен аяқталды деп мәлімдеді.
«Мен осы демалыс күндері бұл шешімді қабылдаған кезде, оны бұдан әрі кейінге қалдырудың қажеті жоқ еді. Америкалықтар әке мен президенттің неге мұндай шешімге келгенін түсінеді деп үміттенемін», – делінген хабарламада.
Хантер Байден болса есірткіге тәуелді болып жасаған қателіктері бүкіл Байден отбасын көпшілік алдында масқаралау және беделін түсіру үшін саяси мақсатта пайдаланылғанын мәлімдеді.
«Бүгінгі маған жасаған мейірімділік әрекетін ешбір жағдайда ұмытпаймын және өмірімді әлі де ауырып, азап шегіп жүргендерге көмектесуге арнаймын», – деді президенттің ұлы.
Хантер Байденге үкім 12 және 16 желтоқсанда шығарылады деп жоспарланған болатын. Екінші жағдайда, 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Джо Байден туысқанына рақымшылық жасаған алғашқы АҚШ президенті емес.
2001 жылы Билл Клинтон екінші мерзімінің соңында 1985 жылы кокаин сақтағаны үшін сотталған өзінің туған ағасы, актер және музыкант Роджер Клинтонға рақымшылық жасады.
Дональд Трамп 2020 жылы қызы Иванканың қайын атасы Чарльз Кушнерді кешірді, ол сонау 2005 жылы сайлау науқанына заңсыз жарна төледі және салық төлеуден жалтарды деген айыппен сотталып, екі жыл жазасын өтеген.
Трамп енді сайлау науқанына қомақты қаржы бөлген Кушнерді Францияға елші етіп тағайындауды жоспарлап отыр.