Грузияда парламент сайлауы басталды

Елде 3044 сайлау учаскесі ашылған

Мәди Саматұлы

  • 26.10.2024

Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Тбилисидің орталық бөлігінде, Коте Апхази көшесінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол дауыс беруге қатысқан грузин көшбасшыларының алғашқысы, деп хабарлайды Malim.kz.

1TV.ge мәлімдеуінше, 3 508 294 адам сайлаушы ретінде анықталған.

Саяси бәсекеге 18 партия жіберілген, араларында 12 жыл бойы билікте болған «Грузин арманы – Демократиялық Грузия». Парламентке өту үшін үміткерлер бес пайыздық кедергіні еңсеруі керек. Барлық депутат пропорционалды жүйе бойынша сайланады.

Айта кетерлігі, Грузиядағы парламент сайлауы алғаш рет электрондық технологияларды пайдалана отырып өткізіліп жатыр. Учаскелердің 90%-ынан астам бөлігінде сайлаушылар осылай дауыс беріп жатыр. Дәстүрлі түрде дауыс беру бүкіл ел бойынша ашылған сайлау учаскелерінің шамамен 10%-ында өтеді, онда тіркелген сайлаушылар саны 300-ден аз.

Фото: Kulumbegashvili Tamuna / XinHua / Global Look Press

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды