Келесі премьер кім? Байбек, Нығматулин, Бозымбаев...

Олжас Қасым

  • 12.01.2021

Қазақстанның 11-ші премьер-министрі кім болады? Бауыржан БАЙБЕК, Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Қанат БОЗЫМБАЕВ, әлде Әсет ИСЕКЕШЕВ пе?

Заңға сәйкес мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетіп, жаңа министрлер кабинеті жасақталуы тиіс. Қазақстанның оныншы премьер-министрі Асқар МАМИННІҢ үкімет басшылығына келгеніне бір жылда болған жоқ. 2019 жылы ақпан айында Бақытжан САҒЫНТАЕВ қызметтен кеткен соң Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ үкімет басшысының міндетін атқарды. Содан кейін 2019 жылдың  25 ақпан күні премьер-министр болып бекітілді. Бірақ екі жылға жуықтаған премьерлік қызмет саясаткерге оңай соққан жоқ.

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы жарылыс, Мақтааралдағы су тасқыны. Пандемия тіптен үкіметті діңкелетті. Билік транзиті кезінде Үкімет басшылығына келе қалған Асқар Мамин мырза Сағынтаевтан қалған премьерліктің соншалықты ауыр болатынын білмеген де шығар.  

«Асқар Мамин билік тарнзиті кезінде үкімет басшылығына келген техникалық фигура. Ол өзін лидерлік қырынан көрсете алмады. Пандемия кезінде үкімет өзінің қауқарсыздығын көрсетті. Әсіресе денсаулық және білім саласы жұмысын дұрыс атқармады. Сондықтан да Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ орнынан кетеді. Енді президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жаңа конституциялық механизм арқылы премьер-министрді тағайындайды. Менімше мәжілісте көп дауысқа ие болған партия өкілі үкімет басқаруы мүмкін. Дәлірек айтқанда Бауыржан Байбек пен Нұрлан Нығматулин екеуінің біреуі», -  дейді саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ.  

Тоқсаншы жылдардың басында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Балташ ТҰРСЫМБАЕВ жаңа үкімет басшысын тағайындау үшін праймериз өткізуді ұсынады.

«Пандемия елімізге қиындықтар алып келді. Қазір қолынан іс келетін үкімет басшысы керек. Билік партиясы мәжіліс сайлауы алдында праймериз өткізді ғой. Премьер-министрді де неге сондай жолмен таңдамасқа», - дейді Балташ МОЛДАБАЙҰЛЫ Malim.kz сайтының тілшісіне. 

Саясаткер ұсыныстан бөлек болжам да жасап көрді. Тұрсымбаевтың ойынша Нұрлан Нығматулин су жаңа премьер-министр болуы ықтимал.  

«Мамин өзін премьер ретінде көрсете алмады. Сондай үлкен лауазымды қызметте қауіпсіздік кеңесі төрағасының  көмекшісі сияқты жүрді. Әлеуметтік мәселелерді шешпеді.  Экономикада өсім жоқ. Қаржылық сектор құлағалы тұр. Үкімет басшысы ретінде атқарған ісіне үш деген баға да қоя алмаймын.  2,5 деген баға қояр едім», - дейді Балташ Тұрсымбаев.   

Парламент мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты болған Серікбай ӘЛІБАЕВ болса, Мамин үкіметінің жұмысын екі деген бағаға бағалайды.

«Асқар Мамин істеді деген бір жұмыс көзіме түспеді. Ел ішінде жерді сату мәселесі ең көп талқыланды. Осыған қатысты үкімет басшысы ретінде елдің алдына шықты ма? Жоқ. Қандай жаңа кәсіпорын ашылды? Шағын және орта бизнес тіптен қиын жағдайға түсті. Халықтың баратын жалғыз жері базар. Базарлардың өзі шенеуніктердің меншігіне өтіп кеткен. Халықтың тұрмысы нашарлады. Ауылда өмір сүру азапқа айналды. Көмір, шөп, жем қымбат. Бір сиыр ұстауға шамасы жетпейтін ағайындар бар ауылда. Еліміздің солтүстік облыстарына әлі газ тартылмады. Мақтаарал су астында қалғанда қожайыны жоқ мемлекет сияқты болып қалдық. Үкімет сондай тасқынның алдын алуы тиіс емес пе? Жалғыз егініміз бар. Оны алып-сатарлардың қолына беріп қойдық. Ежелден мал баққан елміз. Бірақ ет өнімдерінің елу пайызын шетелден алып отырмыз», - дейді экс-депутат. 

Сонымен қатар, Әлібаев пандемия кезінде үкіметтің тиімсіз жұмысынан адам өлімі көп болды дейді.

«Коронавирусқа байланысты карантин жарияланды. Не болды? Адамдарды емдеуі тиіс дәрігерлеріміз қайтыс бола бастады ғой. Мен оған медицина қызметкерлерін кінәләп отырғаным жоқ. Дәрі-дәрмекті айтпағанда медицина қызметкерлеріне қарапайым маскі де бермеді ғой. Қазір жаңа премьер кім болады деген сөздер жүріп жатыр. Бірі Бауыржан Байбек десе, енді бірі Нығматулинді айтады. Кім келседе көп нәрсе өзгере қоймайды. Бізге саяси реформа қажет», - дейді Серікбай Әлібаев Malim.kz сайтының тілшісіне. 

Алайда, Асқар Маминнің өз есебінде жұмысы соншалықты нашар емес. Биылғы жылдың 5 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ қабылдауында болған үкімет басшысы экономиканың тұрақты дамып жатқанын айтқан.

2020 жылы нақты сектордағы өндіріс көлемі 2 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға, оның ішінде азық-түлік өндірісі 3,6 пайызға, фармацевтика 40 пайызға, дайын металл өнімдерін өндіру 20 пайызға, машина жасау 16 пайызға, атап айтқанда автомобиль өндірісі 53 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 16 пайызға өскен. Және  былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5 пайызға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14,5 пайызға көбейген, ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 5,0 пайызға жеткен деп есеп берді.

Ал саясаттанушы Андрей ЧЕБОТАРЕВ Ақорда мен кітапхана арасындағы келісімге байланысты жаңа премьер-министрдің аты белгілі болады дейді.

«Асқар Мамин Nur Otan партиясының тізімінде. Ол кісі парламентке баруы ықтимал. Ал мәжіліс спикері өз орнында қала қоймас. Нұрлан Нығматулин бір вариант. Қауіпсіздік кеңесінде жүрген Әсет Есекешевтің де үкімет басқаруы мүмкін. Президент Тоқаевқа жақын әрі дағдарыс-менеджері Қанат Бозымбаев та премьер болып кетуі мүмкін деп ойлаймын», - дейді саясаттанушы. 

Байланысты жаналықтар

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

13.05.2021

Шындықты айту да өнер!

01.05.2021

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ

23.04.2021
MalimBlocks
Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

Министр Райымқұлова – ойыншық

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

Шындықты айту да өнер!

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ