Көлгінов «двоечник» әкім

Олжас Қасым

  • 03.11.2020

- Лұқпан, Алматыға митингі үшін арнайы келіпсіз. Бізге сұхбат беруге уақыт тапқаныңыз үшін рақмет. Митинг қалай өтті?

- Бізде Оралда митингі өткізуге әрекеттендік. Бірақ жергілікті билік өкілдері рұқсат берген жоқ. Содан кейін осы митингі үшін Алматыға арнайы келдім. Халық тым аз жиналды. Екі миллионнан аса халқы бар мегаполистегі митингіге екі жүз адамның жиналуы көңілге қаяу салады екен. Ол екі жүздің ішінде полициясы, әкімдік пен кнб қызметкерлері де жүр. Мен митингіге халық көп жиналады деп ойлап едім. Өкінішке қарай бізде митингті өткізу дәстүрі мен мәдениеті әлі қалыптаспай жатыр. Шеруге шыққан бұқара митингіден кейін бірден көп нәрсе өзгереді деп ойлайды. Бірақ барлығы біз ойлағандай тез бола салмайды.

- Әңгіме саяси реформадан шығып отыр ғой. Сол жұмыстарды атқарамыз деп білек сыбанған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі былтыр құрылды. Кеңестің жұмысына көңіліңіз тола ма?

- Көңілім толады деп айта алмаймын. Әу баста құрылғанда сенім болған жоқ. Оның құрамына кімдер кіргенін көргенде бәрі түсінікті болған. Нақты реформаны жасайтын кеңес жоғарыдан құрылмайды. Халық өзі құрады. Қазір қаңтарда мәжіліс сайлауы болатыны белгілі болды. Саяси додаға қатысу үшін жаңа партиялар құрылды ма? Құрылған жоқ. Бұдан кейін не айтуға болады.

- 2009 жылы БҚО әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетовке туыстарыңыз тағы да бюджет ақшасын игеруге қатыса ма деген сұрақ қойдыңыз. Осы сұрақ үшін ТДК 42 телеарнасынан қуылдыңыз. Содан кейін Ізмұхамбетов мырзаны көрдіңіз бе?

- Жоқ, көрмедім. Себебі сол сұрақтан кейін журналистермен кездесуді қойып кетті. Журналистер маған бұндай сұрақ қойса мен неге оларға сұхбат беруім керек депті. Бұны маған бір жігіттер жеткізді. Журналистердің блогерлерден айырмашылығы тек фактімен жұмыс жасайды. Оралда сол жылдары әкімнің жездесі мемлекеттік тапсырыспен мектеп салды. Сол білім ордасына әпкесі директор болды. Басқа да туыстарыңыз алдағы уақытта бюджет ақшасын игеруге ат салыса ма деп сұрағам ғой. Әкімім ренжіп қалды. Қасқа! Ренжісе ренжи берсін.

-Ізмұхамбетовтан кейін БҚО-на Нұрлан Ноғаев әкім болып келді. Сізге Нұрлан Асқарұлы да ренжіп қалды ғой.

- Облыс әкімі Лұқпан менімен амандаспай қойды деп ренжіді ғой. (күледі) Бірақ әңгіме басқада. 2012 жылы Ноғаев мырза облыс басшысы болып тағайындалды. Әкім болғанына жарты жылдан асса да журналситермен кездесетін ойы жоқ. Баспасөз қызметіне қаншама хат жаздық. Енді бізде де жұмыс бабымен сұрайтын мәселелеріміз бар ғой. Ақыры болмаған соң «Орал апталығы» газетінің бір жиынында әкімнің макетімен көшеге шығуды жоспарладық. Бір жарнама агенттігіне әкімнің макетін жасатып алдық та Оралды көшелерін араладық. Халыққа әкімге сұрақтарыңыз болса қойыңыздар деп флешмоб өткіздік. Қысқасы, қаланың барлық жерін «әкіммен» бірге аралай алмадық. Полиция келіп Ноғаевтың шағымы бойынша макетімізден айырды. Содан кейін әкім брифинг берді. Өзінің журналистерден қашпайтынын айтты. Лұқпан менен жасы кіші. Бірақ амандаспай қойған деп әңгімені басқа арнаған бұрып әкетті.

- Ноғаевтан кейін өңір басшысы болып Алтай Көлгінов тағайындалды. Жас әкімді қатты сынамаған сияқтысы. Әлде жұмыстарыңызға кедергі келтірген жоқ па?

-Алтай бірінші Орал қаласының әкімі болып тағайындалған. Сол кезде ашық болатын. Барлық журналситерге өзінің телефон нөмірін бергені бар. Бұрын Оралды тек шалдар басқарды ғой. Біз жас азаматтың ашықтығына сүйсіндік. Бірақ жас шенеунігіміз облысқа басшы болғанда өзгеріп сала берді ғой. Бұрынғы ашықтық жоқ. Журналситерге жуымай қойды. Бір күні кешке қызымды сабақтан алып келе жатсам әкім кетіп барады. Бірақ астындағы көлігі басқа. Audi A8 L автомашинасын мініп алған. Бұрын басқа көлікпен жүретін. Бірден интернеттен қарай бастадым. Audi маркілі көлік тек Астана мен Алматыда ғана сатылады екен. Алматыдағы автосалонға хабарластым. Олар Орал әкімдігіне соңғы Audi машинасын 52 млн-ға сатқанын айтты. Барлығын таспаға түсіріп алып. Мақала жарияладым. Облыс әкімдігі бұл ақпаратымызды терістеді. Біздің фотограф әкімдік алдындағы сол машианы фотоға түсіріп алды. Ақыры бұлар жалтаруға жол  таппады. Сосын бұл машинаны бір кәсіпкерден жалға алдық. Ай сайын елу мың теңге төлейміз деген ақпарат таратты. Мен Оралдағы такси паркілерінің біріне хабарластым. Ол жерде менің қарапайым машинамды жалдаған үшін айына 100 мың теңге төлейді екен. Сонда Алтай Көлгіновке кім су жаңа машинасын айына елу мыңға жалға береді? Осы сұрақ төңірегінде тағы бір мақала жарияладық. Әрине, әкімнің автомашинасы төңірегіндегі сериялық мақалалар шенеуніктерге ұнаған жоқ. Бізге тендер ұсынып көрді. Бірақ мен бас тарттым.

 - Алтай Седірұлы сіздерде 2019 жылға дейін облыс басшысы болды. Ол кісінің жұмысына қандай баға қояр едіңіз.

- Екі.

- Сонда «двоечник» болғаны ғой.

- Иә, Көлгінов «двоечник» әкім.

- Сіз журналист Асхат Шәріпжановты қасақана өлтірді депсіз бір сұхбатыңызда. Неге бұндай қортындыға келдіңіз?

- Мен өз тәжірбиемнен білемін. Журналистің қолында эксклюзив материал болғанда оның өміріне қауіп төнеді.Асхат ешқандайда жол апатынан қайтыс болған жоқ. Оны өлтірді. Бірақ жол апатын қолдан ұйымдастырды. Сол қайғылы оқиғадан бұрын әріптесіміз Заманбек Нұрқаділовтен сұхбат алған еді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Жаңа Алаш ютуб каналынан көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=2Df4Z5jEGuM&t=804s

 

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021

2023 жылы астана толық газдандырылады

06.10.2021
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

2023 жылы астана толық газдандырылады