Мамин мен “әулет” мүшелерінің кесірінен ҚТЖ Т2 трлн қарызға батты - сарапшы

Айшолпан КЕРІМ

  • 08.02.2022

“Бұрынғы премьер-министр әрі “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ бұрынғы басшысы Асқар Мамин мен “әулеттің” кейбір мүшелерінің кесірінен қазір ҚТЖ-ң Т2 трлн қарызы бар”, - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Хұдайбергенов.

"Жақында Instant payments туралы жаңалық шықты. ҚТЖ Instant payments-пен жай ғана келісімшартты бұзып қоймай, өз балансына олардың барлық дайын бағдарламаларын алуға келіскен және бұл әділ шешім! Одан бөлек осы салаға үлкен залал келтіріп, ҚТЖ-ң Т2 трлн қарызы болуына себеп болған Маминнің командасы мен туыстарынан құтылуға әсер еткен кадрлық өзгерістер болды.”, - деп жазды экономист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Қаңтар қырғынында туғандар: Әйелін перзентханаға әкелген ер адам қайтар жолда оққа ұшты

Экономист ҚТЖ-да жан-жақты кадрлық ауысымдар жасалу керек деп есептейді.

“Әсіресе жетекшілікті үнемі ақаулар болады деп қорқытатындарды жұмыстан босатып, тіпті осы адамдарды бірден қасқкүнемдік үшін қамауға алу керек. Себебі осы адамдар - барлық жемқорлық жүйесінің орындаушылары”, - дейді сарапшы. 

Автор ҚТЖ-да қазір цифрландыру барлық дәнекерлік тізбекті жоқ ететін мықты бағдарлама дайындалып жатқанын айтады. 

“Аталған бағдарламаның арқасында IT-нарық үшін API арқылы ҚТЖ сервистері қолжетімді болып, онлайн-контрактация әсерінен барлық адами факторлар шетке ығысады”, - делінген жазбада.

“Егер ҚТЖ осы бағдарламаларды іске асырып, жемқорлықты түбімен жойса, бұл ҚТЖ табысының артуына әсер етеді.(...) Ал егер мұның бәріне өзіндік өндіріс арқылы қол жеткізе алса, басқарушылар тобына тіпті ескерткіш қоюға болады”, - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: С. Хусейн, Н. Назарбаев... Өз ескерткішінің құлағанын көргендер көп емес

Айта кетейік, 5 ақпан күні ҚТЖ-ң Instant Payments фирмасымен мерзімінен бұрын келісімшартты бұзатыны белгілі болды. 2022 жылдың бас кезіндегі дерекке сай, Instant Payments компаниясының құрылтайшысы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы - Әлия Назарбаева. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.