Ноғаев орынбасарларына онлайнда болуды тапсырды (ВИДЕО)
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықпен онлайн байланысты жолға қоюды жөн көргендей деп жазады Malim.kz тілшісі.
Телеграмнан облыстық әкімдіктің парақшасын аштырған әкім өзінің орынбасарларынан бастап, тиісті басшылардың бәріне онлайн болуды міндеттеп отыр.
«Бірнеше күн болды, телеграм-канал ашылды. Қазір қоғамда қандай мәселе тұрғанын аңғаруға болады. Олардың арасында инфрақұрылым, жол мәселелері бар. Баршаңыздан талап ететінім, телеграмм каналдың жүруіне өз құзіреттеріңіздің аясында жауап беріңіздер. Облыс әкімінің орынбасарлары өздеріне қатысты мәселе бойынша, аудан, қала басшылары әркім өз жұмыстарыңызды жасаңыздар, шешім қабылдауды ұйымдастырыңдар. Сөз бұйдалыққа салып, әрі итеріп, бері тартпай телеграмм каналдың жұмыс жасауын қамтамасыз етіңіздер», - деді Н.Ноғаев аппарат отырысында.
Расымен әкімдіктің телеграм парақшасы қазір қайнаған «тіршіліктің» ордасына айналған. Үш мыңнан астам жазылушысы бар каналда халық жолдаған сауал аз емес. Оларға онлайнда отырған шенділер жаппай жауап беруде.
Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы