«Nur Otan» депутаты сот шешімімен қамалды

Malim Админ

  • 26.05.2021

Павлодарда «Nur Otan» депутаты 15 тәулікке қамалды.

Мамырдың 25-і күні Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық мәслихатқа «Nur Otan» партиясының атынан сайланған депутат Қайрат Әбішевті 8 жылға көлік жүргізуге тыйым салып, 15 күнге қамады. Оған Әкімшілік кодекстің 613-бап 4-бөлігі бойынша айып тағылған.

Іс материалында көрсетілген мәлімет бойынша, Қайрат Әбішевтің 25-ші мамыр күні таңғы сағат 5:00 шамасында техникалық тексеруден өтпеген Toyota Camry көлігімен жүрген жерінен полиция тоқтатқан. Тексеру барысында одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Артынша оның ішінмдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін облыстық психикалық саулық орталығына жіберілген. Бірақ ол полиция талабын орындаудан бас тартқан.

Сот барысында депутат кінәсін мойындамаған. Ол өттегі тасты ерітетін спирт қосылған тұнба ішкенін алға тартқан және таңертең балаларына дәрі алу үшін көлікпен шығып кеткенін айтқан. Соттан өзін қамамауды сұраған.

Қайрт Әбішев «Nur Otan» партиясының атынан 2016 жылы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Биыл да мәслихатқа өткен.

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған