Нұрбақ Рүстемов «Нұр-Сұлтан» саябағын ашты

Malim Админ

  • 01.07.2020

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 80 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар басталып кетті. Грецияда Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ кітабы жарық көрсе, Румыния астанасында елбасымен аттас саябақ ашылды.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесінің және Бухарест қаласы 1-сектор мэриясының қолдауымен өткен.

«Айтулы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласы 1-секторының мэриясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум себепкер болды», - делінген ақпаратта.

Саябақтың ашылу салтанатында елші Нұрбах РҮСТЕМОВ Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстанға сіңірген еңбегі жайлы баяндап,  тұңғыш президентінің арқасында еліміз халықаралық аренада жоғары деңгейге жеткенін айтты.

«Баяндамашылар екіжақты қатынастардың дамуындағы оң динамиканы, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» саябағының ашылуы достас екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылатынын, Қазақстан-Румыния байланыстарын тереңдетудегі осындай мәдени өзекті оқиғалардың тарихи маңыздылығына назар аударды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 және 2007 жылдары Румынияға жасаған сапарлары Қазақстан-Румыния қатынастарына алғаш серпін берген болатын. Сол уақыттан бері Румыния Қазақстанға 1,7 млрд АҚШ доллар инвестициялады. Екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы бүгінде 1,8 млрд АҚШ долларына жетті», - делінген СІМ мәліметінде.

Фото: inform.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?

20.03.2023
MalimBlocks
Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?