Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өлімін қайта тергеуді талап етті

Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бас прокуратурадан әкесінің өлімін қайта тергеуді талап етіп, арыз жазған. Бұл туралы ол ҚазТАГ агенттегіне хабарлаған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 03.03.2022

«Менің әкем Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовті 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде белгісіз адамдар атып өлтірген. Барлық фактілер қасақана қастандық екенін көрсетіп тұрса да, істі өзін-өзі өлтірді деп тергеген. Екі рет жүрегіне, бір рет басына атылған оқ істің бұлай қаралуына кедергі бола алмаған», - деді Нұрқаділов.

Оның айтуынша, баласы ретінде іспен таныса алмай, «істің мәтінін оқымай қол қоюға мәжбүр болған».

«Кінәлі адамдар табылмады, жазаланбады. Әкемнің не үшін қайтыс болғаны да белгісіз. Елдегі саяси жағдайға, белгілі бір мәселелерге байланысты және өзімнің, отбасымның өміріне қауіп төңгендіктен бұл талапты осыған дейін қоя алмадым. Мен әкемнің ұлы және осы елдің азаматы ретінде әділ әрі заң жүзіндегі тергеу болуы талап етемін», - деп қосты ол.

Ол Заманбек Нұрқаділовтің өлімі «саяси тапсырыс» екенін айтады.

«Бүгін біздің ел демократиялық жолға түсу мәселесін талқылауда. Ол жолға түсу үшін тарихымыздағы құпия әрі беймәлім өлімдер толық тергелуі керек», - деді ол.

Оған қоса, желіде Нұрқаділовтің өлімін тергеу туралы петиция тарады.

Заманбек Нұрқаділов әр жылдары Алматы қаласы мен облысының әкімі, Төтенше жағдайлар министрі қызметтерін атқарған. Қайтыс болардан бұрын ол сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы сыни пікірлер айтқан.

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жер сілкінді