Нығматулиндердің компаниясына қатысты тергеу аяқталды

Олар аммофос бағасын негізсіз көтерген

Malim Админ

  • 10.06.2022

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары Нұрхан мен Нұржанға қарайтын «Қазфосфат» ЖШС-на қатысты тергеу аяқталды. Тергеу ісін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген. 

Агенттік  былтыр қарашада аммофос құны 125 мың теңгеден 168 мың теңгеге дейін негізсіз өскенін анықтаған. Өсім 35%-ды шамасында болды. Биыл баға тіпті 185 мыңға дейін көтерілген. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 48,5%-ға жеткен.

«Қазфосфат»-қа қатысты іс материалдары сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Алматы экономикалық тергеу департаментіне берілген еді. 

«Тергеу нәтижелері бойынша, Алматы қаласы бойынша Департаменттің 2022 жылғы 31 мамырдағы бұйрығына сәйкес, "Қазфосфат" ЖШС қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдарды қайтарған жағдайда монополияға қарсы орган нұсқама енгізе отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды», - делінген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық комитетінің хабарламасында. 

Осыдан кейін, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС бағаны 185 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін түсіргенін айтты. Компания аммофосты ескі бағамен алған клиенттерге жаңа баға арасындағы айырмашылықты аммофос түрінде кері қайтарады. Кәсіпорын деректері бойынша бұл айырмашылықтың жиынтық сомасы 2,8 млрд теңге.   

5 сәуірде бәсекелестікті қорғау агенттігі «Қазфосфат» ЖШС Минералды зауытына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Компанияның құрылтайшылары «Kaz Chemicals» ЖШС екені анықталды. Бұл компанияның құрылтайшылары мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары Нұрхан мен Нұржан.

Байланысты жаналықтар

«Жағдай толық анықталды». ҰҚК Челахтың  шағымы туралы айтты 

16.02.2023

Нығматулиндер түрмеге жапқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

16.02.2023

Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр     

16.02.2023

Назарбаев иеленген жерлер қайтарылып жатыр

02.02.2023

Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

24.01.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023
MalimBlocks
«Жағдай толық анықталды». ҰҚК Челахтың  шағымы туралы айтты 

Қылмыстық іс жүрді

Нығматулиндер түрмеге жапқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ол 10 жылдан астам уақыт түрмеде отырды

Дариға Назарбаеваның монополис компаниясы тексеріліп жатыр     

Жолаушылар қомақты ақша төлеуге мәжбүр болған

Назарбаев иеленген жерлер қайтарылып жатыр

Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер

Автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгереді  

Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды