Оппозиция митингіге дайындалуға шақырды

Беларусь Республикасында тағы да жаппай митингілер болуы ықтимал. Саясаткер Светлана ТИХАНОВСКАЯ бастаған демократиялық күштер өкілі наразылық шарасына дайындалу керектігін мәлімдеді.
«Отанымыздың аспанында ұшақтар ұшпайды. Себебі адамдардың құқығы мен еркіндігі сақталмайды. Тек біздің ғана емес, кез-келген елдің азаматының. Беларусь әлем картасында қара дақ боп тұр. Саяси жүйе изоляция алдында тұр. Еуро Одақ, АҚШ, Канада, Жапония және басқа елдер бізге бізге көмектесу үшін іс әрекет жасап жатыр. Бізде қарекетке көшуіміз керек. Біз өзіміз саяси тұтқындарды босатып, зорлық-зомбылықты тоқтатып, әділетті сайлау өткізуіміз тиіс», - делінген Тихановскаяның телеграм каналында.
Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға бара жатқан ұшағы Минскіге қонуға мәжбүр болған. Ресми Минск әскери ұшақпен Ryanair-дың самолетының бағытын өзгерткен. Осылайша FR497 рейісте бомба болуы мүмкін деп NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман ПРОТАСЕВИЧТІ тұтқындады. Журналист президенттік сайлаудан кейінгі жаппай митингілерден ақпарат таратып, үйлестіру жұмысымен де айналысқан. Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жолаушылар ұшағын қондыру туралы бұйрықты президент Александр ЛУКАШЕНКОНЫҢ өзі берген.
Кеше бір қатар еуропалық елдер ұшақтарын Беларусь аумағымен ұшырмайтындарын мәлімдеді.
Фото: mail.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента
Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.