Премьер-Министр Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

Жылыту маусымын ескере отырып, өңір басшылығына елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды

Malim Админ

  • 23.02.2024

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Сапар барысында Үкімет басшысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Орал қаласы ауыз суды негізінен Жайық өзені және жерасты көздерінен алады. Премьер-Министрге 2023 жылы 6 су ұңғымасының құрылысы аяқталғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған су тазарту қондырғысының әбден тозығы жеткен.

Олжас Бектенов өңір басшылығының назарын тұрғындар тарапынан, әсіресе жаз айларында ауыз су тапшылығына қатысты арыз-шағымдарға аударып, су тазарту жүйесін реконструкциялауға байланысты ЖСҚ әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның өндірістік қуатын тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыру керек. Үкімет қажетті қолдау көрсететін болады.

Сумен жабдықтау желілерін (тозу – 60,5%), су бұруды (тозу – 61,3%) жаңғыртуды жеделдету, сондай-ақ кәріз-сорғы стансаларын реконструкциялау бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Сонымен қатар Премьер-Министр қауіпті қызыл аймақта орналасқан «Жайықжылуэнерго» АҚ электр және жылу энергиясын өндіру кәсіпорнының ағымдағы жағдаймен танысты. Кәсіпорында Олжас Бектенов бас диспетчерлік бөлмені, турбина залы мен қазандықты аралап көрді.

Бүгінгі таңда үш қазандық агрегаты (№2,4,9) мен турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, 16,5 шақырым жылу желілері жөнделді. Сонымен қатар үш энергетикалық қазандық пен №3 турбинаны кезең-кезеңімен ауыстыру жобасын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл шаралар бүкіл станса жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндеттерінің бірі. Республика бойынша ЖЭО тозуы 66%-ды, ал Орал қаласында 86%-ды құрап отыр. Жобалық-сметалық құжаттама қалай дайын болады, әкімдік тиісті өтінімді енгізуі тиіс. Оны қарап, кезең-кезеңімен шешеміз», — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысына тауарлық газ өндірісін арттыру және өңірді газдандыру барысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар жылыту маусымын ескере отырып, өңір басшылығына елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды