Президент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған

Malim Админ

  • 24.12.2024

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мәулен Әшімбаев Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.


Айтуынша, үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған.

Қазір Парламентте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, креативті индустрияны қолдау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі заң жобалары қаралып жатыр. Бұл – сенаторлардың бастамасымен қолға алынған құжаттар.

Жыл басынан бері Сенатта 50-ге жуық іс-шара өткізілгенін, сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған.

Келесі жылы жоғары Палатада Бюджет, Құрылыс, Су, Салық кодекстері, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдар қаралатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді. Аталған комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын.

Президенттің өңірлерді одан әрі дамыту жөнінде жүктеген міндеттерін Палатаның басымдық беретін бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Сенат мәслихаттар депутаттарымен жұмысты жандандыра түскен.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиын 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Фото: Ақорда 

 

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді