Президент Жарлығымен Жапонияға жаңа елші тағайындалды

Malim Админ

  • 12.12.2024

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев – Қазақстанның Жапониядағы Елшісі 1967 жылы 8 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1989 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында (1992 ж.), сондай-ақ Жапонияның Кита-Урава қаласындағы Жапон тілі институтында (1994 ж.) білім алған. Өзінің дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастап, Азия және Африка департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 1997-2003 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, одан кейін кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2004-2008 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры болды. 2008 жылы Қазақстанның Сингапурдағы тұңғыш Елшісі болып тағайындалды. 2008-2016 жылдары Қазақстанның Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы Елшісі қызметін қоса атқарды. 2016 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанның Жапониядағы Елшісі қызметін атқарды.

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі қызметін атқарды. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын және жапон тілдерін меңгерген.

Фото: gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

08.05.2025

Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатты

02.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025
MalimBlocks
Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілімен кездеседі

Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатты

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады