Президентке  ашық хат.  Ар-ұятына кір жұқпаған жазушы бар.

Редакциямызға бір топ ақын, жазушының атынан мемлекет басшысының атына ашық хат келіп түсті. Олар Жазушылар одағына жаңа басшыны ұсыныпты. Жазушылар одағының сайланбалы төрағасына президенттің не қатысы бар екенін түсінбедік. Дегенмен қоғам назарына хат мәтінін жариялағанды жөн көрдік.

  • 10.05.2023

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіздің бастамаңызбен біз Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құрудың даңғыл жолына түстік. Әділетті қоғам  құрып жатырмыз, ал  әділетті қоғам руханиятқа да, оның ішінде әдебиетке де арқа сүйейтіні жалған емес.  Әдебиетсіз қоғамның дамымайтыны бесенеден белгілі. Осы себепті  Қазақстан Жазушылар одағының келешегі алты алашты алаңдатып  отыр. Өйткені, «Әдебиет – ұлттың жаны» (Ж.Аймауытов).

Бәріміздің көкейімізде Жазушылар одағының ертеңгі өтетін құрылтайында «Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы кім болуы керек?» деген сауал тұр.

Біз бұл ұйымға жаман аты шықпаған, ар-ұятына кір жұқпаған, әрі талантты, әрі іскер азамат басшы болғанын қалаймыз. Әрине, мұндай жоғары талапқа сай келетін адамды табу оңай емес. Бірақ, біздің ойымызша, ондай  қаламгер бар, ол – жазушы Нұржан Қуантайұлы.

Нұржан Қуантайұлы – ХХ ғасырдың 80-90-жылдары әдебиетке келген буынның талантты өкілі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Талантымен ғана емес, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен де көзге түскен азамат. Бірнеше газетке бас редактор, ірі медиахолдингтің бас директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, факультеттің деканы қызметтерін абыроймен атқарған. Үлкен ұжымдарды басқарған тәжірибесі мол. Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құру жолында Жазушылар Одағының бойына қан жүгіртетін үлкен реформалар керек. Ал, оны жүзеге асыру әдебиетті ардың ісі деп санайтын, үлкен-кішіге бірдей, орта буын өкіліне сеніп тапсырылуы қажет. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің – жазушылардың пікірін қаперіңізге аларсыз деп сенеміз. 

Құрметпен, Тынымбай Нұрмағамбетов,  жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,

Темірхан Медетбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,

Серік Ақсұңқарұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауераты,

Ғалым Жайлыбай, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,

Байбота Қошым-Ноғай, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Болат Үсенбаев, ақып, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Темірғали Көпбаев, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Асқар Алтай, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Амангелді Кеңшілікұлы, сыншы,халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Маралтай Райымбекұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Жарас Сәрсек, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Мұрат Шаймаран, ақын, Жұмекен Нәжімеденов атындағы сыйлықтың лауреаты,

Әлібек Шегебай, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

Бекжан Әшірбаев, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,

Бауыржан Әліқожа, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Ақын Нұржан Қуантайұлы өлеңдері

19.11.2024

Ақындар жүрегіндегі Алматы

14.01.2022

Софы СМАТАЕВ. Неткен шексіз қазақта шыдам деген

01.03.2021

«Дәм-тұзы жоқ кейбір шығармалардың табысы күшті болып жатады»

22.01.2021

Тынымбайға сыйлық бермегендері өте ұят болды

05.11.2020

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

28.10.2020
MalimBlocks
Ақын Нұржан Қуантайұлы өлеңдері

Нұржан Қуантайұлы - прозашы, ақын. 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетiнiң журналистика факультетiн бітірген.

Ақындар жүрегіндегі Алматы

Алматы – қазақтың жаралы жүрегі!  Желтоқсанның ызғарлы күндерінде жаураған қала отыз жылдан соң «қаңтар трагедиясын» бастан кешірді. Бәрі де суынған жүректің даты, елдің жан сөзі! Ал қазақтың жаралы жүрегін кім емдейді?!

Софы СМАТАЕВ. Неткен шексіз қазақта шыдам деген

«Дәм-тұзы жоқ кейбір шығармалардың табысы күшті болып жатады»

Тынымбайға сыйлық бермегендері өте ұят болды

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек