Путин Смайыловтың қолын алмады

Тоқаев Путинді күтіп алуға Смайыловты жіберіпті...

  • 13.10.2022
В.Путин / Фото: ТАСС

Бүгін Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келді. Ол Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға арнайы келіп жатыр.

Путинді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алған жоқ, орнына премьер-министр Әлихан Смайыловты жіберді. Путиннің ұшақтан түскен сәті таспаланған видеода Путин өзін күтіп алуға шыққан Смайыловқа алыстан қол көтеріп, траптан түскен бойы тоқтамай, көлікке отырады.

Смайылов Путинді ғана емес, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевті, Беларусь президенті Александр Лукашенконы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновты, Иран президенті Ибрахим Раисиді, Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеевтерді қарсы алған. Оның барлығы Смайыловпен қол алысып, ілтипат білдірген. Смайылов тіпті кейбір президенттерді гүлмен қарсы алған.

Жалпы, мұндай ресми қарсы алуларда бәрі алдын ала келісіледі десек, Путин гүлден де, қолдан да бас тартқан сияқты. Оның бұл әрекетін Тоқаевтың өзі күтіп алмағанына көрсеткен қыры деп бағалап жатқандар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді өзі күтіп алды.

Осы жылдың сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейге барған сапарында оны Внуково-2 әуежайынан сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин мен министрліктің әкімшілік хаттама департаментінің бастығы Игорь Бордашев күтіп алған. Бұл «қасақана көңіл бөлмеушілік» ретінде қоғамда біраз талқыға түскен.   

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Тоқаев көлік министрін қабылдады

10.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

10.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025

Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады

08.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады