Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

Процес екі іс бойынша қаралған

Malim Админ

  • 26.09.2022

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.  Астана қаласы  Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов  айыпталушыға қатысты  үкім шығарды.    

Бұған дейін Сатыбалдының «Көлік қызметі орталығы» және «Қазақтелеком» компаниялары өкілдерін  келісімге шақырғаны туралы айтылған. Сотталушылар Сатыбалды, Қоңырбаев, Бекетов, Мұхаметжанұлы, Муравьев татуласу жөніндегі  медиациялық келісімді растап, айыппен келісетінін де жеткізген. Прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар, Есебаев  «Түпкілікті мүлкін тәркілеу және лауазымды қызметпен айналысуға 10 жылға құқығын шектеу жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны ретінде орташа қауіпсіз мекеме айқындалсын. Президентке Сатыбалдыны ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры атағынан, сонымен қатар «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдының тұтқында ұсталған уақытын тұтқындағы бір күн 1,5 күнге тең деп есептелсін», - деген болатын.   

Бүгінгі сот отырысына да айыпталушылар мен журналистер  онлайн режимде қатысты. Судья Баяхметовтің үкімі бойынша,  Қайрат Сатыбалды   бірнеше бап бойынша кінәлі деп саналып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Айта кетейік, заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 млрд теңгеден астам немесе 500 млн АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды. Қайрат Сатыбалды сонымен қатар,  «Көлік қызметі орталығы» компаниясына 28 млрд теңге, «Қазақтелеком» компаниясына 12 млрд теңгені өтеп берген.     

Процес екі іс бойынша қаралған болатын.  Бұған дейін Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомнан» 12,7 млрд теңге, «Көлік сервисі орталығынан» 28,6 млрд теңге жымқырған деп айыпталды. 

 

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023

Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.

Болат Назарбаев қайтыс болды

Сағат 9.28-де оның жүрегі тоқтағаны жазылды