Қаржыгер:  "Импортты Ресейге ғана беріп қою дұрыс емес" 

Бұл негізгі бюджеттің басым бөлігін қалыптастыратын мұнайдан келетін түсімдердің азаюына әкеліп соғады.  

Олжас Қасым

  • 01.03.2022


Ресейге батыс елдерінің салып жатқан санкциялары Қазақстанға да оңай тимесі анық.  Қаржыгер Бауыржан ЫСҚАҚОВ Malım.kz тілшісіне Украина-Ресей шиеленісінің кері әсерлері туралы баяндады. 


 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫ ТОҚТАП ҚАЛЫП ЖАТЫР 

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2021 жыл бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорттық айналымның көлемі  47 млрд. доллар болыпты. Украинаныкі  одан қарағанда өте аз, 1 жарым, 2 млрд доллар ғана. Яғни, Қазақстан импортының 50 пайызы Ресейден келеді. Ресей біздің негізгі импортшымыз. Қазір Ресейге салынып жатқан санкциялардың барлығы да ол елдің экономикасына қатты әсер етеді.  Көптеген ірі компанияның акциялары 50,60 пайызға дейін түсіп жатыр. 


Ірі кәсіпорындардың акцияларын тоқтатып, батыс мемлекеттері Ресейден тасымалданатын экспорттық тауарларға шектеу қойып жатыр. Осы жағдайлар Ресейдегі экономикалық ахуалдың құлдырауына әкеледі. Ал ол өз кезегінде Ресейден тауар тасымалайтын Қазақстанға да өзінің кері әсерін тигізеді.  Екіншіден, бір ғана мысал-Атыраудан шығатын мұнай, Каспий құбыр тарату консорумы арқылы Новороссискіге Қазақстан мұнайы жөнелтілетіні мәлім.  Осы арқылы қара алтын Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерге тасымалданады. Новороссийск қазір соғыс болып жатқан нүктенің бірі. Біздің мұнай сол жерге барып, тоқтап қалып жатыр. Ары қарай негізгі жеткізушілерімізге де кері әсерін тигізбей жатқан жоқ.  Бұл да логистикалық тиімсіз орналасуына байланысты Ресей арқылы шығатын экспорттық тауарларымыздың азаюына алып келеді. Бұл өз кезегінде негізгі бюджеттің басым бөлігін қалыптастыратын мұнайдан келетін түсімдердің азаюына әкеліп соғады.  
 

ОСЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК 

Доллар бағасының күн санап арта түсуі ұлттық валютаның тікелей мұнай тасымалдарынан түсетін тауарларға тікелей байланысты болуында.  Яғни, әлі де біз мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелдіміз.  Одақтас мемлекеттерде санкциялық жағдайлар көп болса соғұрлым мемлекеттің валютасы да әлсірейді. Ұлттық банк алдыгүні 112 млн долларға, кеше 120 млн долларға интервенция жасады. Теңгені қазіргі ажиотаждық уақытта тым көтеріп жібермеу үшін мемлекет Ұлттық қордан интервенция жасап жатыр. Мұның өзі біздің әлі де біздің экономиканың диверсификацияға жатпағандығын көрсетіп отыр. Яғни еліміз екі-үш бағытқа ғана тәуелді. Кейде осындай соғыстар, қақтығыстар кейбір мемлекеттерге үлкен мүмкіндік алып келеді. Біз де осы мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Ол үшін экономикалық тәуелділіктен арылу жолдарын, нақты реформаларды шұғыл түрде жасауға тиіспіз. Айталық, сырттан келетін тауарлардың орнын өзіміздің отандық тауарлармен ауыстыруымыз қажет. Ресейден келетін арнайы техника, ауылшаруашылық өнімдері, басқа да қажетті құрал-жабдықтардың барлығын біз өзімізде шығару немесе баламасын жасау әрекетін жүзеге асырғанымыз дұрыс. Бір ғана мемлекетке барлық импортты беріп қою дұрыс емес. Бұл кезеңде саяси жағынан тұрақты мемлекеттермен де байланысты үзбеуіміз керек. Осы жағдайларды реттесек тәуекелдер бізге жанама әсер етеді. Ал қазір доллар шарықтап барады. Ол өз кезегінде жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетері анық.
 

Байланысты жаналықтар

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

23.10.2023

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

25.09.2023

Теңгенің дизайны өзгереді

11.07.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

27.06.2022

Тағы да қымбатшылық. Газ, көмір мен  электрдің құны өседі  

10.06.2022
MalimBlocks
Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

В понедельник, 25 сентября, вице-министр торговли и интеграции Кайрат Торебаев хотел похвастаться перед журналистами о создании на базе компании KazakhExport «института продвижения экспорта».

Теңгенің дизайны өзгереді

Ұлттық банкнота дизайны өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты «Ашық НҚА» порталында Президенттің жарлығы талқыланып жатыр.

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

Бүгін елордада өткен «Астана» халықаралық қаржы форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады.

Тағы да қымбатшылық. Газ, көмір мен  электрдің құны өседі  

Газдың шекті бағасы 1 тоннасы үшін 33 600 теңге болады