Қазақстан БРИКС құрамына кіре ме? Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

Қазан қаласында 23-24 қазанда БРИКС саммиті өтеді

Malim Админ

  • 16.10.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар түскен. Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл ұсыныстардың ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият қарастырылатынын айтты. 


Қазан қаласында 23-24 қазанда БРИКС саммиті өтеді. Берік Уәлидің айтуынша, Тоқаевтың жиынға қатысуы мүмкін.

"Мемлекет басшысы сонда 24 қазанда ұйымның аутрич форматындағы кеңейтілген отырысында сөз сөйлеуді жоспарлап отыр", - деді президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы.

Берік Уәлидің айтуынша, Қазақстан БРИКС эволюциясын қызығушылықпен бақылап отыр және ұйымның негізін қалаушы мемлекет басшыларының кез келген алпауыт державалардың гегемониясынан азат, әділ, демократиялық әлемдік тәртіп құруға бар күш-жігерін салуға шақыруларын қолдайды.

"Президент Қазақстанның БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар алды. Өйткені, біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың жауапты әрі беделді мүшесі ретінде танылды. Бұл ұсыныстарды Мемлекет басшысы мұқият қарап, оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан сараптауда", – деді Берік Уәли.

Сонымен бірге, ол қазіргі уақытта және жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке, оның ішінде мүшелік мәселесін қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, өтініш беруден бас тартатынын, сондай-ақ басқа да осы бірлестіктің даму болашағына қатысты мәселелерді шегеретінін айтты. Бұл ретте президенттің кеңесшісі мен баспасөз хатшысы БҰҰ-ға назар аударды.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді