Қошанов: Қызу пікірталастар митингте емес, мәжіліс қабырғасында өтуі керек

Айшолпан КЕРІМ

  • 22.06.2022

VII сайланған мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов енді митингтегі қызу талқылар осы палата аясында өтетінін айтты.

"Бұл кейбір депутаттар айтқандай "қойшыны көбейту" емес. Бізге тағы да бір қосымша алаң ашылды. Президент қызу пікірталастар көшеде емес, митингтерде емес, осы мәжілістің қабырғасында өтуі керек екенін айтқанын білесіздер. Сол үшін осы палата құрылып отыр", - деді ол.

Спикер сөзінше, қоғамдық палата қашан жұмыс істей бастайтыны әзірге белгісіз. Қошанов барлық депутатты палата жұмысына белсене атсалысуға шақырды.

"Палата мүшесі болу міндетті емес. Бірақ кез келген заң жобасы бойынша айтар пікіріңіз болса, әрбір депутат қатыса алады. Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын", - деді төменгі палата төрағасы.

Қоғамдық палатаның құрамы келесі аптада белгілі болады.

"Осы институт аясында бұған дейін парламент қабырғасындағы талқылауларға қатыспаған сарапшылар келеді. Бүгінге дейін мұндай қоғамдық талқылаулар болған жоқ. Осы палата аясында үлкен талқылаулар болады деген үлкен үмітім бар. Біз халықпен кері байланыс орнатуымыз керек. Азаматтар көшедегі митингтерге емес, осы жерге келсін. Біз соған мүмкіндік берейік", - деді Қошанов.

Қошанов бүгінде қоғамда парламенттің жұмысына жиі сын айтылатынын атап өтті.

"Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, бізге көп сын айтылады. Заң шығарушылар халықтан алшақтап кеткен деген түсінік бар. Яғни, халық бір жақта, қоғам бір жақта, заң бір жақта жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Сондықтан Қоғамдық палатаның басты мақсаты – неғұрлым өзекті, резонансты мәселелерді бірінші оқылымға дейін қоғамның талап-тілегі тұрғысынан қарастыру", - деді ол.

Байланысты жаналықтар

Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Астанаға келді

17.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Шольцті Ақордада қарсы алды

16.09.2024

Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға келді

16.09.2024

Бақылаушыларды алдағы сайлауға дайындап жатыр

16.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Сәт Тоқпақбаевқа Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін табыстады

16.09.2024

ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды

16.09.2024
MalimBlocks
Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Астанаға келді

Олар «Орталық Азия – Германия Федеративтік Республикасы» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шольцті Ақордада қарсы алды

Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Германияның көпқырлы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді

Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға келді

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді

Бақылаушыларды алдағы сайлауға дайындап жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Сәт Тоқпақбаевқа Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, Сәт Тоқпақбаевты қалың жұртшылық құрметтейтінін, оның еңбек жолы ел өмірімен тығыз байланысты болғанын айтты

ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады