Қостанайлықтардың таңдауы «Nur Otan»
Бүгін Қостанай қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Ахметчин Ғазиз Гумарұлының Қостанай қаласының орталық ауданының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Бір қызығы, көшедегі азаматтар сайлаудағы үгіт-насихатта «Nur Otan» партиясының мүшелері өте белсенді қызмет атқарып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ олар бұл партияның жергілікті жердегі мәселелерді шешуге қатысты қабылданған сайлауалды бағдарламаларын жақсы бағалап, «азаматтардың талап-тілектері жан-жақты ескерілген» деді.
Жалпы Қостанай қаласының тұрғындары кез келген сайлау науқанына жауапкершілікпен қарайды. Содан да болса керек, сайлауға үміткер болып түскен әр кандидаттың сөзі мен ісін жіті бағалап, қадағалайды. Қостанай қалалық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының орынбасары Ғазиз Ахметчинді қостанайлықтар жақсы таныйды. Содан да болса керек, көшедегі кездесуде сұрақ көп қойылып, қызу талқы болды.
«Мемлекеттік институттар енді қоғамдық мүдделерден бөлек қызмет ете алмайды, олардың қызметі толығымен біздің азаматтардың тілектеріне қызмет етуі керек. «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде осы үдерісте негізгі бастамашы рөл атқаруға шақырылды », - деді кандидат.
Азаматтардан өтініштер қабылданып, шешім қабылдау үшін тиісті органдарға өткізілді.
Ал кандидаттармен жүздескен қала тұрғындары ел мен мемлекет тұрақтылығына тұтқа болған «Nur Otan » партиясына алдағы сайлау күні қолдау білдіретіндерін айтты. «Алдағы жылдары әлемдегі жағдайға байланысты Қазақстан экнонимкасы үшін ауыр жылдары болары анық. Бірақ, бар қиындықты «Nur Otan » партиясы абыроймен еңсеретініне, ел үмітін толық ақтайтынына, өз уәделерінде тұрып, бағдарламаларын іске асыратынына біз сенеміз»,- деді қостанайлық сайлаушылар.
«Nur Otan » партиясының Қостанай облысы, Қостанай қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.