Қырғызстан: экс-министр мен оның ұлы 8 жылға сотталды

Сабина Асқарқызы

  • 07.02.2025

Қырғызстан Республикасының бұрынғы табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова мен оның ұлы Кемелбек Құтманов 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімі бойынша Динара Құтманова Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ұлы Кемелбек Құтманов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге жеке кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінде қызмет атқара отырып, Қырғызстандағы ең ірі «Құмтор» кен орнын игеруден түскен қаражатты заңсыз пайдаланған. 

2023 жылдың жазында анасы мен ұлының 2021 жылдан бастап жыл сайын 3 млн 700 мың доллар шамасында қаражат жымқырып келгені анықталды. Бұл ретте, Қырғызстанның есеп палатасының қорытындысына сәйкес министрлік 720 млн сомды мақсатсыз пайдаланған. Ал  мемлекетке келтірілген залал 192 млн сомды құрады.

 Экс-министр 2023 жылдың шілдесінде ұсталды. Ол министр қызметін 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың наурызына дейін атқарды. Ал ұлы - Кемел Құтмановқа халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Түркияда ұсталып, 2023 жылдың қазан айында Қырғызстанға экстрадицияланды. 

Фото:economist.kg

Байланысты жаналықтар

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

19.03.2025

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

28.02.2025

Жамбыл облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

28.02.2025
MalimBlocks
Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

Оқиға Қырғызстанда болған

Жамбыл облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

Қырғызстанға 102 мың тонна бензин заңсыз шығарылған