«Репетитор жалдаңыз»: Әлтаев Қорғаныс министріне қазақша сөйлеуді талап етті

Орыс тілінде сөйлеу Кеңестік жүйеден қалып қойған отарлық сананың көрінісі

Бақыт БЕКОВ

  • 21.04.2022

Жаңа Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске орысша жауап беруі қоғамда жиі талқыланып кетті.

Қазақ елінің қауіпсіздігін күзетіп отырған қолбасшы мемлекеттік тілді құрметтемесе, оған ерген мыңдаған сарбаз кімге қарап бой түземек? Осыған байланысты су жаңа Мәжіліс депутаты, экс-айтыскер Аманжол Әлтаев өзінің әлеуметтік парақшасында министрге қазақ тілінде сөйлеуді талап етіп, жазба жариялады.

«Руслан Фатихұлы! Сіз, қатардағы азаматтың бірі емес, арқасына ел аманатын арқалаған Қорғаныс министрісіз. Сондықтан да мемлекеттік тілге салғырттық танытпай, құрметпен қарауға тиіссіз. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы артыңыздағы сан мыңдаған сарбаздарға өнеге көрсетуге міндетті екеніңізді естен шығармаңыз. Әскеріміздің және оның кеңсесінің тілі толық қазақша болатын уақыт жетті. Өзіңіз айтқандай, қырық қазақ отырып ортадағы жалғыз өзге ұлт өкілі үшін орыс тілінде сөйлеу Кеңестік жүйеден қалып қойған отарлық сананың көрінісі. Сондықтан да тәуелсіз елдің қолбасшы генералы ретінде бұл мәселеге жаңаша қараңыз. Мен сіздің әскери маман ретінде кәсіби тәжірибеңізге, атқарып келе жатқан еңбегіңізге құрметпен қараймын. Отанымыздың әскерін басқару үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеру аса маңызды. Сіз секілді мемлекетік тілде сөйлеуге басында қиналса да кейін талабы мен жігерінің арқасында ана тілінде еркін, көркем сөйлеуге қол жеткізген генерал Тоқтар Әубәкіров ағамыз сізге жақсы үлгі бола алады. Репетитор жалдаңыз, қазақша кітап оқыңыз, отбасында қазақша сөйлесіңіз. Көп кешікпей жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Отан қорғау жолындағы аса маңызды жұмысыңызға сәттілік тілеймін!» – дейді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев.

Фото: malim.kz-тің коллажы 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады