Ресей әскері Ауғанстанда соғыса ма?

Malim Админ

  • 10.08.2021

Ауғанстан шекарасының маңында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери оқу-жаттығу өткізді. Бұл туралы РИА НОВОСТИ интертен басылымы хабарлады.

Үш мемлекет бірігіп өткізген әскери оқу-жаттығу Ауғанстанға жиырма шақырым жердегі Харб-Майдон (Тәжікстан) полигонында 2,5 мың жауынгердің қатысуымен өтті.

«Біз үш елдің біріккен әскери оқу-жаттығуын өткіздік. Сирияда жинаған тәжірбиемізбен бөлістік», - деді Орталық әскери округ қолбасшысы, генерал-полковник Александр ЛАПИН.

Тәжікстан Республикасының қорғаныс министрі Шерали МИРЗОВ антитеррористік шара үш ел арасында бірінші рет өткенін атап өтті. Соңғы кезде аймақтағы тыныштыққа алаңдап отырғанын да айтты.

Өзбекстан Республикасы генералдар штабының бастығы, генерал-майор Шухрат ХОЛМУХАМЕДОВ Ауғанстандағы жағдайға орай қауіптің төні ықтимал дейді.

«Кез-келген жағдайға дайын болып, сарбаздардың бес қаруы сай болуы тиіс», - деді өзбек генералы.

Әскери оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздардың 1,8 мыңы ресейлік әскерилер. Сондай-ақ, олар 500 әскери техникасымен келді.

Қазір Ресей қоғамы Совет кезіндегідей әскеріміз Ауғанстанға қайта кіре ме деген сұрақты жиі қоюда. Мемлекеттік Дума өкілдері орыс сарбаздары енді Ауғанстан жеріне бармайды. Тәжікстанда тұрған әскери база талибанның нақты іс-әрекетіне орай ғана қимылдайды дейді.

Ал ресми Душанбе ОДКБ-дан көмек сұрап отыр. Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын радикалды исламистер өз бақылауына алған. Ресей Сыртқы істер министрі талибандар тарапынан әскер шабуыл болса көмектесетіндерін мәлімдеді.

Фото: ianed.ru

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі