Ресей Ауғанстаннан дипломаттарын алып кетіп жатыр

Malim Админ

  • 13.07.2021

Ресей Ауғанстанның Хайратон қаласында уақытша жұмыс істеп тұрған Мазари-Шарифтегі консулдық дипломаттарын Өзбекстанға көшірді. Бұл жөнінде «Интерфакс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирновтың сөзінше, Мазари-Шарифтегі бас консулдық уақытша жабылған. Себебі қала мен оның маңайындағы аудандардағы жағдай тыныш емес. Осы уақытқа дейін дипломаттар азаматтарды Хайратон қаласында қабылдап жатқан.

Ресей елшісінің айтуынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның бірқатар аумағын басып алғанымен бірде-бір ірі қала содырлардың бақылауына өтпеген. Мазари-Шариф те қазір олардың қарамағында емес.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы шілденің 9-ы күні Мәскеу қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, Орталық Азия елдерінің шекарасына тиіспейтінін айтқан.

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шілденің 31-іне дейін шығарып аяқтайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін аймақта террорлық қауіп мәселесі қайтадан күн тәртібіне көтерілген. Қазірдің өзінде Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО әскеріне көмектескен жергілікті тұрғындар көшілес Өзбекстан, Тәжікстанға қашуда. Бұған дейін БАҚ-та АҚШ-тың Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 9 мың ауған азаматын уақытша қабылдауын сұрағандығы жөнінде ақпарат тарған.

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек