Ресей БҰҰ мүшелігінен шыға ма? Сарапшылар жауап берді

Қазақстан Ресейді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мүшелігінен шығаруды қолдамайды

Malim Админ

  • 07.04.2022

Батыс елдерінің біраз БАҚ беттерінде Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығына байланысты Ресейді БҰҰ-ның мүшелігінен уақытша шығару мәселесі жайлы жиі жазылып жатыр.

Айталық, Еуропаның халықаралық құқықтық журналының блогында (Blog of the European Journal of International Law) «Ресей БҰҰіріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігінен шығарылуы мүмкін бе?» атты мақалада: «Бас Ассамблея Ресейді БҰҰ мүшелігінен уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастырады. БҰҰ мүшелігінен уақытша шығу мүмкіндігі БҰҰ Жарғысының 5-бабында жазылған. Бұл бапта басқыншылық және мәжбүрлеуге байланысты мүшелік құқықтары мен артықшылықтарын жүзеге асырудан шеттете алады» делінген. Ал Defense Оne басылымы «Ресейді БҰҰ-дан шығару «тиімді түрде мүмкін емес», бірақ басқа нұсқалар бар» дейді. Онда Ресейді адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығаруы немесе Ресейді қолдайтын мемлекеттерді анықтау керектігі айтылады. Сонымен қатар, Log angeles timts басылымында жарияланған «БҰҰ Ресейді Қауіпсіздік Кеңесінен шығаруы керек» деген мақалада: «Ресейдің Украинаға басып кіруі әлемді өзгертті. Украиндар өздерін қорғауға тырысып, өзін-өзі қорғауға шақырып, еркін әлемдегі миллиондаған адамдар әрекет етуді сұрайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық саяси тәртіп сәтсіздікке ұшырады. БҰҰ моральдық позицияны қалпына келтіру және Украинаның және барлық басқа мүше мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін әлі де әрекет ете алады» деп жазды.

Алда БҰҰ Ресейді уақытша мүшеліктен шығаруға байланысты дауысқа салу кезінде мемлекеттерге «қалыс қалу» мүмкіндігі қарастырылмайтынын, яғни «иә» не «жоқ» таңдауы ғана болатыны жайлы айтылып жатыр. Бұған дейін Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайына бейтараптық танытып келді. Бұл жолғы ресми Нұр-Сұлтанның ұстанымы қалай болмақ? Осы жөнінде саясаттанушылардың пікірін сұрап көрген едік.


Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

– Бұл өте қиын сұрақ екен мен үшін, мемлекет үшін де. Әрине, Ресейдің шыққанын бәріміз де қолдаймыз. Өркениетті елдердің бәрі солай істейді. Хасен Қожахмет мұны тіпті осыдан 30 жыл бұрын айтқан болуы мүмкін. Біз отар болғандықтан Ресейдің қандай ел екенін жақсы білеміз. Алайда біздің билік орыс тәрбиесінде өсті. Сондықтан нақты бір жағын айту қиын. Егер халыққа референдум өткізіп: «осыған қалай қарайсыңдар?» десе, «міндетті түрде Ресейді Қауіпсіздік кеңестен шығару керек» дер едік. Қалыс қалу біздің билікті сақтап келе жатқан жалғыз жол еді. Қалыс қалу жоқ болатын болса, біздің президент Ресейді мүшелікте қалдыруды қолдайды деп есептеймін. Одан кейін біздің әлемдік қоғамдастықта беделіміз қандай болмақ? Бірақ біздің оған дейін де беделіміз қалмады. Қазір кейбір кемелермен жеткізілген жүктерімізді Ресейдікімен бірге қабылдамай жатыр деген де әңгіме шығып жатыр. Батыс енді көп ойнай бермейді. Батыс енді ақсың, не қарасың дегенге келеді. Қалыс қалуға болмайды деген сөз соған келтіріп отыр. Қазірге дейін біздің ұстанып отырған бейтарап боламыз деген саясат енді жүрмейді. Бұл бірінші амалдың жоқтығынан жасалып отырған шығар, екіншіден біздің ішімізде бесінші колоннаның бар екені анық. Қырым, Донбастағы сияқты. Сондықтан біз «ұзын арқан, кең тұсаумен» ұстағымыз келді. Қазіргі геосаяи жағдай оған келтірмейін деп тұр.

Руслан АХМАҒАНБЕТОВ, саястаттанушы, конфликтолог:

– Бұл жолы Қазақстан Ресейді БҰҰ-ның Қауыпсіздік кеңесі мүшелігінен шығаруды қолдамайды. Яғни «жоқ» деп қол көтереді. Өйткені Қазақстан Ресеймен әскери және экономикалық одақта. Ортада келісімдер бар. Тек Қазақстан ғана емес, Ресейді мүшеліктен шығаруды Қытай, Араб елдері және Латын Америка елдерінің біразы құптамайды деп ойлаймын. Тіпті Өзбекстан да құптамауы мүмкін. Яғни көршілес елдер. Мұны Ресей агрессиясын қолдау деп қарамайды, әр елдің өзінің ұстанымдарын алға тартады.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

– Ресей БҰҰ шықса да, шықпаса да ештеңе өзгере қоюы неғайбыл. Мәселен, БҰҰ қаншалықты қауқарлы? Ол Израиль мен Палестина арасындағы мәселені шешкен жоқ. БҰҰ-нан бұрын Біріккен ұлттар лигасы құрылған олар да Екінші дүниежүзілік соғысын тоқтата алған жоқ.  БҰҰ, ЕҚЫҰ (OSCE) болсын бәрі де саяси ұйымға айналды. Оны өткенде Зеленский де айтты. Бұл мәселе 20 жылдан бері көтеріліп келеді. Назарбаевтың авторитарлық жүйесіндегі сайлауларға бақылаушы болып келген ЕҚЫҰ мүшелері: «иә сайлауда кейбір кемшілктер болып тұрады, бірақ бұл демократияға бір қадам» деген қорытындыларын беріп кеткенін білеміз. Сол кездерде айттым «мынау саяси ойын ойнайтын ұйым болып кетті» деп. Соны кеше Зеленский нақты көріністермен дәлелдеп жеткізді. «Не тарат, не нақты бейбітшілікті ұстанатын әділ ұстаным болсын» деді. Сондықтан да не оңға, не солға шығу керек, орталық болса көбі соған тығылып отырады. Бейтараптық деген не? Бейтараптықтың нақты ұстанымдары бар. Мысалы, Швейцария бейтарап ел. Ол ешқандай әскери одаққа, әлемдік одаққа кірмейді. Өйткені ол бейтарап ел. Біз әскери одаққа, экономикалық одаққа, кедендік одаққа кіреміз де, «біз бейтараппыз» дейміз. Сондықтан қазір әлем елдерінің көзқарасы біздің елге негативті бағытқа ауып бара жатқанын түсінуіміз керек. 

Бақытбек ҚАДЫР

Байланысты жаналықтар

БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

02.12.2024

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

01.12.2024

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

29.11.2024

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

28.11.2024

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024
MalimBlocks
БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

«Кешіккен әрбір күн – адамзатқа қарсы күн. Келіссөздерді кейінге қалдыру дағдарысты кейінге қалдырмайды»

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

Қазақстанға кірер бағытта бір жол ғана істеп тұр

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

Ливандағы соғыстың келісім сұлбасы енді-енді көріне бастаған секілді еді. Израиль мен “Хезболла” бітімге кеп, “ХАМАС” та ұрысты тоқтату туралы араша сұрағандай әңгімелер айтыла бастаған еді…

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті