Семейдің көшелерін көлденең көк аттылар иемдене бере ме?

Ірі тұлғаның құрметіне Семей қаласының бір көшесі берілуі керек

Олжас Қасым

  • 01.02.2022

Еліміздің әр аймағындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді ауыстыру ісі соңғы жылдары қарқын алды. Мәселен, биыл Семей қаласында 56 көшенің атауы өзгереді деген ақжолтай хабар шықты. Айталық, автодорожная көшесіне Әди Шәріповтің, Фурманов көшесіне Жұмат Шаниннің, Энгельс көшесіне Смағұл Сәдуақасовтың тағы басқа ұлт қайраткерлерінің есімін беру ұсынысы жасалған. 

Дегенмен әлі де көшеге атын беруге лайық тұлғалар тасада қалып барады. Семей қаласы әкімдігі  азаматтардан әлі де ұсыныс-тілектер қабылдап жатқанын ескеріп, шаһардың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан қоғам қайраткері Сағалбай Жанбаевты ұмыт қалдырмауды ескертеміз. Себебі, бұл кісі көп жылдарын обкомның бірінші хатшысы, Қалалық кеңестің төрағасы, бірқатар облысты басқаруға арнаған көрнекті тұлға.  

Осы ретте өмірін елге арнаған Жанбаев жөніндегі көлденең ел біле бермейтін кейбір жайттарды айтпай кетуге болмас.  Сағалбай Жанбаев көзі тірісінде аты аңызға айналған адам.  Ол турасында әр түрлі аңыз әңгімелер ел арасында кең таралған.  Бұл - өз алдына бір бөлек әңгіме.  Айтайын дегеніміз, Сағалбай Жанбаевтың Семей қаласына сіңірген еңбегі жайлы.  Соған бірер мысал келтірейік.  Семейдегі Полковник аралы (бұрынғы С.М. Киров атындағы арал) өтпелі көпірді тікелей осы кісі салдырған.  Бұл көпірге Қазақстан өкіметінің бір тиын ақшасы шыққан жоқ.  Өйткені, Сағалбай Жанбайұлы Кеңес өкіметінің көрнекті қайраткері Анастас Микоянмен достық қарым-қатынаста болған адам. Анастас Микоян кезінде Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.  Оның ықпалымен аралдағы көпір МОССТРОЙ мекемесінің қаражаты есебінен салынған екен. 50-ші жылдардың аяғына таман Семейдің көшелеріндегі алғашқы асфальт осы С.Жанбаевтың басшылығымен төселгені мәлім. Сол жылдары қатты қыс кезінде Семей қаласын апатты жағдайдан алып қалған да осы тұлға еді. Ол А.Микоянмен хабарласып, Өзбекстанға кетіп бара жатқан үлкен эшолонды тоқтатып, Семей қаласының жылу қазандықтарына қажетті мөлшерде көмір түсірткен. Осы бір қысылтаяң уақытта Запорожцев деген Семей қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тұрғанда Сағалбайдың соңына шам алып түскен. Тіпті, Жанбаевты қызметінен босатпақшы болады. Бірақ, Анастас Микоян араша түсіп, орнында қалдырады. 

Оқи отырыңыз: Нұрғали НҮСІПЖАНОВ: «Кәрілікті ойламау керек. Ғашық болып жүріңдер!» (malim.kz)

Бұрын кілең орыстар басқарған Қостанай облысы обкомының бірінші хатшысы қызметіне орналасқан кезінде де ол қызметін абыроймен атқарды. Осы өңірде басшылық қызметте болған Бегайдар Ахановтың айтқан мәліметіне сүйенсек, «Елуінші жылдарда Қостанай облысында ағаш атаулы өте аз еді. Жел тұрса шаң бұрқырап, көшелерде жүру қиындайтын. Сағалбай Жанбаев облысты басқарғанда қаланы жасыл желекпен көмкеруге ерекше назар аударды», - дейді.  Соған қарағанда Жанбаев барған жердің гүлдеп, өркен жаймауы мүмкін емес сияқтанады.  

Ал, Семейдің өсіп-өркендеуі үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бірде, Семейді басқарып жүрген кезінде қалада жарық өшіп қалып, мәскеудегі СОКП ОК орталық комитетінің хатшысы Ористовтың өзіне телефон соғыпты: Достым, есіңде болар, сен Челябинскіде, мен Қостанайда жұмыс істегенде бір-бірімізге қалай көмектесуші едік.  Ористов: «Әрине, есімде» дейді.  Жанбаев сөзін жалғап: «Ұмытпағаныңа тәуба. Біз қараңғыда отырмыз. Жарық беруге көмектес», дейді жағдайды баяндап. Осыдан соң, бірнеше күннен соң Семейге екі электрпойыз келіп, қаланы жарықпен қамтамасыз еткен деген әңгіме бар. 
Осындай бір қаланы басқарып, халқына қамқор болған ірі тұлғаның құрметіне Семей қаласының бір көшесі берілуі керек.  Ол кісі туралы көлдей мақалалар жазылып жатыр. Өкініштісі, Семейдің кейбір көшелері көлденең көк аттыларға бұйырып кеткен. Мысалы, желтоқсан көтерілісін басуда белсенді қызмет атқарған сол кездегі республика прокуроры Ғалым Мәжінұлы Елемесовтың атына Семейдің дардай бір көшесі берілген. Келешек ұрпақтың қамын ойлаған көрнекті қайраткерімізге көрнекті көше берілуі тиіс. Сағалбай Жанбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін онамастикалық комиссия біздің назымызды қаперінде ұстаса дейміз. 
 

Байланысты жаналықтар

Абыралы аудан мәртебесін қашан алады?

02.08.2023

Ахметовсіз қалған Байахметовті Көшербаев «көшіре» ме? 

30.06.2023

Алаш қаласында  Алаш батырына орын жоқ 

04.11.2022

Ұранхаевқа дат!  Жаңа облыстың жұмысы  Алаш арыстарынан басталуы керек!   

28.10.2022

Тері-былғары  зауытының экс-басшысы:  «Тоқаевтан көмек сұраймын!»  

23.08.2022

Даниал Ахметов: Вы в плену негативных желаний

15.07.2022
MalimBlocks
Абыралы аудан мәртебесін қашан алады?

Халық саны жылдан-жылға азайып, мек­теп­тердің  жабылып жатқаны жергілікті жұртты  алаңдатып отыр

Ахметовсіз қалған Байахметовті Көшербаев «көшіре» ме? 

Не де болса, осы соңғы қадамның бір кілтипаны бары анық

Алаш қаласында  Алаш батырына орын жоқ 

Семейде бірде-бір ескерт­кіш, ескерткіш-тақта, көше атауы жоқ

Ұранхаевқа дат!  Жаңа облыстың жұмысы  Алаш арыстарынан басталуы керек!   

Қарымды қайраткердің зиратын айшықтап, басына белгі қойылды дегенді естімедік

Тері-былғары  зауытының экс-басшысы:  «Тоқаевтан көмек сұраймын!»  

Шырылдап үйді де, көлікті де банкке бердік

Даниал Ахметов: Вы в плену негативных желаний

Бессменный руководитель Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов, работающий акимом уже 8 лет, приехал в столицу в отличном настроении. Просто в восхитительном! Так что, в четверг, 14 июля, в Службе центральных коммуникаций ничто не мешало ему чувствовать себя безупречным лидером. Он вел себя вальяжно, травил байки о самом себе и поучал журналистов.