Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенеуніктер казиноға 507 млн теңге  жұмсаған

Саясат
Шенеуніктер казиноға 507 млн теңге  жұмсаған

305 шенеунік  Алматы облысындағы казинода 507 млн теңге жаратқан. Оларды мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексереді.  

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  жекелеген шенеуніктердің құмар ойындарға қатысы бойынша   тексеру  жүргізіп жатыр. Олардың тарапынан заң бұзушылық анықталған жағдайда   шара  қолданылмақ.       

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған.

Агенттік хабарламасында    «Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуге тиіс», - деп жазылған. 

Фото: catherineasquithgallery.com           

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу