Серік Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

Malim Админ

  • 06.04.2020

Өткен наурыз айының соңында ғана Қызылорда облысы әкімі болып тағайындалған Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА өз командасын жасақтап жатыр.

Бүгін президент әкімшілігінің келісімімен екі бірдей орынбасары жұмыстарын бастап кетті. Олар: Серік АХМЕТОВ және Серік СҮЛЕЙМЕНОВ. Серік Ахметов Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік АХМЕТОВПЕН аттас һәм аталас. Сондай-ақ, жерлес. Гүлшара НАУШАНҚЫЗЫНЫҢ жаңа орынбасары да Қарағанды облысының тумасы. Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған. Еңбек жолын тарап кеткен Жезқазған облысына қарасты «Октябрдің 40 жылдығы» атты совхозда бастаған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары және президент әкімшілігі мен премьер-министр канцеляриясында еңбек еткен. «Құрмет» ордемі мен «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері.

Серік Сүлейменов 1966 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің түлегі. Ол да президент әкімшілігі мен премьер-министр канцеляриясында жауапты қызметтерде болған.

Фото: news.myseldon.com

 

Байланысты жаналықтар

Әкім Әбдіқалықова Олжас Сүлейменовті мақтады

29.08.2020

Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

07.05.2020

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

08.09.2021

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

21.12.2020

Әкім Әбдіқалықоваға адвокат керек емес пе?

21.04.2020

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

27.08.2020
MalimBlocks
Әкім Әбдіқалықова Олжас Сүлейменовті мақтады

Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

Әкім Әбдіқалықоваға адвокат керек емес пе?

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады