Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

Аялдар Күнтуған

  • 22.11.2024

«Біз біргеміз» бе?

Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Перизат Қайрат – «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы. Ол көктемдегі су тасқыны кезінде елден жиналған ақшаны оңды-солды шашқан болуы мүмкін. Астанадан жүздеген миллион теңге тұратын бірнеше пәтер, қымбат көліктер сатып алған және шетелдерде демалған. Ол сондай-ақ Пәкістанға, Палестинаға көмек беремін деген желеумен көп ақша жинап, оны да өз қажетіне жаратқан деген болжам бар.

«Досы көпті жау алмайды»

Осы аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия мен Мажарстанға барды. Екі ел басшыларына кездесіп саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


Байден: «Ресейді атқылаңдар!»
АҚШ Президенті Джо Байдан мерзімі аяқталар тұста Киевтің тілегін орындады – ATACMS баллистикалық-тактикалық зымырандарымен Ресей жеріне соққы жасауға рұқсат берді. Ақүйдің бұл шешімі туралы әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазды. Содан бері Ресей мен Украина арасындағы соғыс күрделене түсті. Украина америкалық зымыранмен Ресейдің Курс және Брянск облысына шабуылдаған. Ресей жауап ретінде «Орешник» зымыранымен Днепрге соққы жасады.

4 бала қаза қайтыс болды

Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шығып, шатыры жартылай құлаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық өртті байқаған. Өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілген. Алайда салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапқан.

"Орыс тілін дамытайық!"

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады. 1 депутат қарсы, 1 депутат қалыс қалған. Қалғандары түгел қолдаған. Әлеуметтік желіде бұл ұйымға ақша бөлуге қарсылық танытушылар көп. 

Биньямин Нетаньяху қылмыскер ме?
Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауды талап етті.

Путин: «Біз тоқтамаймыз!»

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың ғаламдық сипатқа ие болғанын хабарлады. Путин Днепрге соққы жасаған соң, бұл америкалық және британдық зымырандармен Ресей жерін атқылағанына қарымта деді. Оның айтуынша, «Украинаның бұл зымырандарды Батыстың, өндіруші елдің көмегінсіз ату мүмкін емес"

Зеленский: «Путинді тоқтатыңдар!»
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Днепрге зымырандық шабуылына қатысты пікір білдірді. Ол серіктестерінен Путинді күшпен тоқтатуды талап етті. Онсыз оның тоқтамайтынын ескертті.

Тоқаев: "Дайын отырайық!"
Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Байланысты жаналықтар

Ақ үй: Ресей шетел әскерін соғысқа қатыстырғаны үшін жауап береді

19.11.2024

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

19.09.2024

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

31.07.2024

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

22.07.2024

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

22.07.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ақ үй: Ресей шетел әскерін соғысқа қатыстырғаны үшін жауап береді

Мен бұл сұрақты Ресейге қоя едім – отқа кім май құйып жатыр? Мен мұның бәрін Украина жасап отыр деп ойламаймын

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

Федералды тергеу бюросы бұл ирандық хакерлердің әрекеті екенін айтты

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

АҚШ демократиялық партиясы атынан тіркелген үміткердің ауысуы президенттік кампанияның жұмысын қайта бастауға мәжбүр етті.

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының кеңесін алып, сайлауға төрт ай қалғанда Дональд Трамппен додаға түсуден бас тартты.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.