Соңғы аптадағы негізгі жаңалықтар
Соңғы бір апта межесінде елімізде және шетелде болған негізгі оқиғалар.
1. Атырау облысында 800-ге жуық жасөспірім жүкті болып қалған
Атырау облысында 2020-2024 жылдар аралығында 794 жасөспірім қыз жүкті болып қалған.
2. Jusan Invest-ке алданған азаматтар президентке үндеу жасады
Jusan Invest тұтынушылары қаржы ұйымына алданып, табысынан айырылғанын айтып президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
3. Шерзат Болаттың ісі қашан сотқа жолданады?
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың аяғына дейін сотқа жолдануы мүмкін деген еді. Журналистер Абзал Құспаннан бұл болжам неге жүзеге аспай қалғанын сұрады.
4. Ресей кибершпиондары Қазақстанды бақылауды күшейтті
Науқанның мақсаты – дипломатия, энергетика және қорғаныс салаларына қатысты экономикалық және саяси ақпаратты жинау, деп санайды киберсарапшылар.
5. Жалға берілетін тұрғын үй көбейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
6. Заңсыз көші-қонның жолы кесілді
Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін бірнеше қылмыстық топты ұстады.
7. Жемқорлар сайлауға түсе алмайды
Заң жобасына сәйкес, бірнеше өзгерту мен түзету енгізу көзделген. Солардың кейбірін атап өтсек, мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ауыр, аса ауыр қылмыс жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
8. Сот Мұратхан Тоқмадидің өтінішін қараусыз қалдырды
Оның мерзімді қысқарту туралы өтінішін қарамау туралы шешім қабылдады.
9. Ұлыбритания мен Украина 100 жылдық серіктестікке қол қойды
– Біз осы қақтығыс барысында ұзақ жолдан өттік. Біз жеңілмейміз, қолымызды төмен түсірмейміз, деді Стармер.
10. HRW: Қазақстандықтардың құқығы жиі бұзылады
Есептің бір бөлігі билікке қарсы тұрып, оны сынаған тұлғаларға арналған, олардың арасында саясаткерлер Жанболат Мамай мен Айгерім Тілеужан да бар, олар аталған кезеңде сотталды.
11. Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына қатысады
Дина Шайхислам – Назарбаев университетінің түлегі, саяси кеңесші, Childrens Development Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы.
12. Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған полицейлер сотталды
Оларға «Қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау» және «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген айып тағылды.
13. Дос Көшім. Қазақстан Үкіметі 30 жыл бойы ауысқан жоқ
Қазір Парламентте ЖСДП секілді «оппозиция» депутаттары шылымын шегіп, шырт түкіріп отыр. Өкінішке орай, саяси күш жоқ. «Үкіметке біз келеміз, біз былай өзгертеміз» дейтін топ мүлдем жоқ. 30 жыл бойы солай болды. Үкіметті сынайтын топ бар. Оны оппозиция дейді. Бірақ олар да сол жүйенің ішінен шыққандар.