Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

Мәди Саматұлы

  • 15.01.2025

«Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжат мәтіні «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Заң жобасына сәйкес, бірнеше өзгерту мен түзету енгізу көзделген. Солардың кейбірін атап өтсек, мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ауыр, аса ауыр қылмыс жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

Сондай-ақ, сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi 5 жылды құрайды. Әкімшілік-аумақтық бірліктер қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылған сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.

Сайлау комиссияларының мүшелері тарапынан лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде сайлау комиссиясы ескерту жасауға және (немесе) уақытша шеттетуге құқылы.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

Ешкім бір сайлау округінен артық кандидат бола алмайды. Бір адам Мәжіліс пен Мәслихаттың бірмандаттық округтері бойынша бір мезгілде ұсыныла алмайды.

Құжат мәтіні 5 ақпанға дейін жария талқыда болады.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды