Ұлыбритания мен Украина 100 жылдық серіктестікке қол қойды

Редактор Редактор

  • 16.01.2025

Кир Стармер Путиннің Украинаны жақын серіктестерінен айыруға жасаған әрекеті сәтсіздікке ұшырады, деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Америка дауысы" жазды.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Украина президенті Владимир Зеленский бейсенбіде екіжақты қатынастарды, әсіресе қауіпсіздік саласындағы серіктестікті тереңдетуге бағытталған 100 жылдық серіктестік туралы келісімге қол қойды.

– Бүгін шынымен де тарихи күн, бұрын-соңды мұндай жақын қарым-қатынас жасаған емеспіз, деді Зеленский келісімге қол қойғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Стармер мен Зеленскийдің бірлескен баспасөз мәслихатында Стармер өзінің үкіметі Украинаға жаңа мобильді ПВО жүйесін беретінін айтты, бұл жүйе «Украинаның қажеттіліктерін ескере отырып» әзірленетін болады.

Келіссөз алдында Стармер Украинаға 2025 жылға қарай Ресей агрессиясына қарсы күресте мүмкіндігінше күшті позицияларға ие болу үшін қажетті қолдау көрсететінін айтқан.

– Біз осы қақтығыс барысында ұзақ жолдан өттік. Біз жеңілмейміз, қолымызды төмен түсірмейміз, деді Стармер.

Ол Германия қорғаныс министрі Борис Писториустың украин астанасына келіп кеткен соң екі күннен кейін Киевке сапарлады.

Еуропалық көшбасшылар Украинаға болашақта болуы мүмкін бейбіт келісім аясында қандай қауіпсіздік кепілдіктерін бере алатындарын талқылауда.

Италия қорғаныс министрі Гвидо Крозетто да Киевке ресми сапармен келіп, «бірқатар институционалды кездесулер өткізді».

Зеленский кездесуден бұрын Стармермен соғысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын бақылау үшін Украинада батыс әскерлерін орналастыру мүмкіндігін талқылайтынын мәлімдеген еді. Бұл ұсынысты алғаш рет Франция президенті Эммануэль Макрон айтқан.

Стармердің Киевтегі ресми сапары кезінде қалада қатты жарылыс болдыУкраинаның әуені қорғау жүйелері Ресей дрондарын атып түсірген болатын.

Стармер мен Зеленский қол қойған келісім мен саяси декларация Балтық, Қара және Азов теңіздерінде қауіпсіздікті нығайту және Ресейдің агрессиясын тежеу мақсатында әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім, сондай-ақ, энергия, пайдалы қазбалар және болат өндірісі салаларын дамытуды қамтиды, деп хабарлады Стармердің кеңсесі.

– Путиннің Украинаны оның жақын серіктестерінен айыруға жасаған әрекеті үлкен стратегиялық сәтсіздікке ұшырады. Біз бұрынғыдан бетер жақындай түстік, және бұл серіктестік екі елдің арасындағы достықты жаңа деңгейге көтереді, деп атап көрсетілген Ұлыбритания үкіметінің хабарламасында.

Бейсенбіде жарияланған серіктестікте Украина экономикасын қалпына келтіруге 40 миллион фунт стерлинг бөлу қарастырылған.

– Бұл тек бүгін үшін ғана емес, сонымен қатар келесі ғасырға арналған инвестициялар туралы сөз болып отыр, деп баса айтты Стармер.

Фото: ТАСС

Байланысты жаналықтар

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

19.02.2025
MalimBlocks
Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

АҚШ президенті Украинада сайлау өткізу қажеттігін қайталап, бұл сайлау ел президенті Владимир Зеленскийдің жағдайын заңдастыруы тиіс деп мәлімдеді.