Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Malim Админ

  • 20.11.2023

Ресейдің Кемерово облысының басшысы Сергей Цивилев Telegram арнасында осы облыстың экс-губернаторы  Аман Төлеевтің қайтыс болғанын хабарлады.  Төлеев 80-ге қараған шағында өмірден өтті.

Айта кетейік, Төлеев - этникалық қазақ, оның әкесі Алашорда қайреткерінің ұрпағы болған. Төлеевтің анасы жартылай татар, жартылай башқұрт. Аман Төлеев Кемерово облысын 20 жылдан астам уақыт басқарды. Өңір басшысы қызметіне 4 мәрте сайланған.

«Өңіріміз өмірінің тұтас бір дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеп, рельске отырып, қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты. Кузбастықтардың есінде Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қойған нағыз халық губернаторы ретінде қалады», – деп жазды Кемерово облысының губернаторы Цивилев. 

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 25 наурызда Ресейдің Кемерово аймағында «Зимняя вишня» сауда орталығы өртеніп,  соның салдарынан  64 адам қаза тапты. Көз жұмғандар арасында 41 бала болған еді. Зардап шеккендердің жалпы саны 80 адамға жуықтаған болатын.  Өрттен кейін   Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш берді. 

Байланысты жаналықтар

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

10.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

07.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024

Қазақстан Ресеймен бірдей +7 телефон кодында қалатын болды

31.10.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024

Молдова қай жолды таңдайды, Еуропа әлде Ресей?

21.10.2024
MalimBlocks
Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

Қазір үш ірі компанияны біріктіру мәселесі талқыланып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған

Қазақстан Ресеймен бірдей +7 телефон кодында қалатын болды

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін

Молдова қай жолды таңдайды, Еуропа әлде Ресей?

Ресейлік проксилер Молдовада әлі де ықпалды күш болып тұр