Тәжірибесіз Әлтаев "Nur Otan" партиясынан шығарылды

Malim Админ

  • 02.12.2020

Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылуына байланысты пікірін Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Казанцевтің айтуынша, комитет отырысының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясы филиалының Саяси кеңес бюросына Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін, бірқатар мәлімдемелерінде оның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті туралы айтқан Әлтаевты партия қатарынан шығаруды ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданды.

"Таңғаларлық мәлімдемелер саясаткердің тәжірибесіздігімен, оның көзге көрінгісі келетіндігімен, медиа және қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен тұрақталып қалғысы келуімен түсіндірілуі мүмкін. Бұл саяси мансаптың басында болады. Әрбір қоғамдық адам жауапкершілік өлшемін және мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін беделді мәлімдемелер мен әрекеттердің салдарын нақты түсінуі керек. Мұнда салдары өте қиын болуы мүмкін. Бұл аксиома", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Павел Казанцев депутаттың ісі неге орынсыз екенін түсіндірді.

"Өзі мемқызметші ретінде өсіп-өнген, саясаткер болған, Жарғыны бұзбауға міндеттеме алған, оның үстіне белсенді ортада - депутаттық корпуста бола отырып, партияның шарттарын жариялау орынсыз деп есептеймін. Ұсыныстар, ойлар, тіпті талап болса жарар – партияның диалог алаңдарында көтер, ал мұндай алаң өте көп, бастамаларыңды айтуыңа әбден болады, кез келген адам пікірін білдіре алады. Сөзсіз. Ресми сауалдарыңда партиялық инстанция бойынша ұстанымыңды білдір. Пікір білдірудің де құралы көп. Ал екіұшты талап айтып, мәлімдеме жасау - артық", - дейді Казанцев. 

Казанцевтің айтуынша, Nur Otan партиясында бола отырып, оның саяси және медия ресурстарын қолдана отырып, оның үстіне Мәжіліс депутаты орнында бола отырып, жаңа партия құрамын деген мәлімдеме мен әрекеттер жасау - "эпатаж да емес, тәжірибенің жоғы да емес".

Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Мәжіліс депутаты болған еді. Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.

Нұржан Әлтаев 41 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы-заңгер, экономист.

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарынан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет еткен.

 

Байланысты жаналықтар

Мерекелерді қосқанда 90 күн.  Депутаттардың демалысын қысқарту керек пе?   

09.08.2022

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

05.04.2021

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

11.01.2021

Қазығұртта «Nur Otan» сайлауалды штабы жұмысын қарқынды бастады

11.12.2020

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

27.10.2020

«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті

02.10.2020
MalimBlocks
Мерекелерді қосқанда 90 күн.  Депутаттардың демалысын қысқарту керек пе?   

Олардың демалысына 2,5 млн теңге бөлінеді

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

Қазығұртта «Nur Otan» сайлауалды штабы жұмысын қарқынды бастады

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті