Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

Саясат
Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөйледі. Жиын коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта өтті, - деп хабарлайды Malim.kz Ақорда сайтына сілтеме беріп.

Тоқаев мультилатерализм қағидаларына төнген қатерлерге, коронавирус пандемиясын ауыздықтаудың қиындығына, жаппай қаруланудың жаңа бәсекесіне қатысты қатерге, дамудың стратегиялық  мақсаттарына қол жеткізудегі құбылмалы жетістіктеріне назар аударды. Сондай-ақ БҰҰ Жарғысында бекітілген мұрат-мақсаттар тиімсіз деген пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдірді.

– Мен өз елімнің Президенті және БҰҰ-ның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы ретінде бұл көзқараспен мүлде келіспеймін. Бұған қарамастан, біз үміт отын өшірмей, қайта оны лаулатуымыз керек; ортақ мұрат-мақсаттан бас тартпай, оған қол жеткізу үшін күш-жігерімізге тың серпін беруіміз қажет; анархияға жол бермей, халықаралық құқыққа негізделген қоғамдастық құруды жалғастыруға тиіспіз, – деген Қазақстан президенті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу