Тоқаев «Астана» қаржы орталығының басшысы Бектұровты қабылдады

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді.

Берік Дәулетов

  • 31.07.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ренат Бектұров президентке Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылғанын хабарлаған. Осылайша, орталық 2025 жылға дейінгі мақсатты асыра орындап қойған.

АХҚО құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 29,8 миллиард теңгесі осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен. 2024 жылдың алғашқы алты айында Орталыққа 500-ден астам компания қосылды. Бұл қатысушылардың жалпы санын 3 мыңға дейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті, - деп хабарлаған Бектұров.

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді. 

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks