Тозған Алматы. Тоқаев сынады, Досаев - кінәлі

Әлеуметтік нысандар жетіспейді

Malim Админ

  • 16.11.2022

Іссапармен Алматыға барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалада көптеген шешілмеген мәселе барын айтты. Тоқаев Алматы өмір сүруге қолайлы жер болғанымен, орталықтың өзіне тән түйткілдері көп екенін  жіпке тізді.  Бұл сын садағына жиі ілігетін Ерболат Досаевтың шаһар жұмысын ширата алмай жатқанын әшкерелеп берді.    


«Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп. Сондай-ақ, шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отыр. Әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды. Азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз. Әкімдіктің басты міндетінің бірі – орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою. Қала – бәріне ортақ. Сондықтан, қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс», - деді ол халықпен кездесу кезінде.

Сонымен қатар, үйлердің тығыз салыну мәселелері де сынға алынды. «Атап айтқанда, құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек. Қала бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс. Сондай-ақ, Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды. Қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек. Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген»,- деді Тоқаев. Осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді Үкімет пен қала  әкімдігіне тапсырды.  

Кездесуде шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болу керектігі, кейбір аудандарда ондай нысандардың мүлдем жоқтығы айтылды. Алматыдағы емханалар мен ауруханалар әбден ескіргендігі де айтылмай қалған жоқ.   

«Тұрғын үйлер салған кезде әлеуметтік нысандар дұрыс жоспарланбайды. Ал, бұл алдымен тұрғындардың өміріне теріс әсер етеді. Яғни, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімді болуына, жедел жәрдемнің дер кезінде көмекке келуіне кедергі келтіреді.
Әкімдік жаңа медициналық нысандар салып, жаңғырту үшін арнайы жоспар әзірлеуі керек». 

Шаһардың құрылысы қарқын алған  аудандарында перзентханасы бар ауруханалар салынбаған. Осындай мәселелер қала басшылығының жұмысы ақсап жатқанын көрсетеді.

Жиырма жылға жуық басшылық қызметте жүрсе де жүйелі жұмыс атқара алмаған Досаев мұншама проблеманы қашан шешеді? Әлде нәтиже көрсете алмаса  отставкаға кете салатын  әдетіне баса ма екен? Алматыда қордаланған мәселе көп. Көзге шұқып көрсетпесе қозғалмайтын әкім әзірше қалпынан танбайтын сыңайлы. 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Базарды қарапайым жұмысшылардың ақшасымен жөндемек

26.07.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

08.06.2023

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

05.05.2023
MalimBlocks
Базарды қарапайым жұмысшылардың ақшасымен жөндемек

Алматы қаласындағы «Кенжехан» базарының саудагерлері әкім  Досаевқа базар қожайындары қомақты ақша жинап жатқаны туралы шағымданды.

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді  

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.