Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ

Теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылды

Malim Админ

  • 24.10.2024

Кеше Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалды. Өкінішке қарай, құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы мәлімдеді.


«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. 

Қайғылы оқиғадан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған. 

Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Лаңкестердің бірі әйел.

Ведомство басшысы жұртшылықты болған оқиғаға қатысты тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

Фото: ҚР СІМ 

Байланысты жаналықтар

Колониялардың бірінде теракт жасамақ болғандар ұсталды

25.11.2024

Анталия әуежайында ұшақ өртенді

25.11.2024

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

14.11.2024

Пәкістанда алты лаңкес өлтірілді

11.11.2024

Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

07.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

24.10.2024
MalimBlocks
Колониялардың бірінде теракт жасамақ болғандар ұсталды

Террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан

Анталия әуежайында ұшақ өртенді

Әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Бұрын одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіленген еді

Пәкістанда алты лаңкес өлтірілді

Қауіпсіздік күштері Солтүстік Вазиристан округіне қарасты Спинвам ауданында лаңкестердің жүру қаупіне байланысы операция жүргізді

Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

Шекараны заңсыз кесіп өтетіндер көбейген

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды