Ұстаздардың емтиханынан «Nur Otan» өкілдері сүрінбеді

Malim Админ

  • 23.12.2020

Түркістан облысы Отырар ауданында сайлау үгіт-насихаты әр аулада, әр ұжымда пандемия сақтығын сақтаумен қызу өтіп жатыр. Мәселен, аудан орталығындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжге осы аймақтың тыныс-тіршілігін жатқа білетін депутаттыққа үміткер Аралбай Асан мен азаматтық белсенді, елге қажетті істің бел ортасында жүретін Наятулла Бөрібаев арнайы келді. «Сайлау насихаты» деп келіп тұрған соң, ұстаздар, білім саласының  қызметкерлері аянып қалушы ма еді, екі үміткерді ортаға алып, сұрақтың астына алып, «сабақтарын» тексерді. Бұған дейінгі депутаттық мандатын адал атқарған, қоғамдық кеңеске төрағалық етіп, ел мен жергілікті биліктің қарым-қатынасын түзеп келген Аралбай Асан мұндай емтиханнан қалай сүрінсін, әр сұраққа кеңінен жауап берді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағытын талдап өтті. Оның ішінде аймақтағы білім беру сапасын арттыру жұмыстарына арнайы тоқталды.

"Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады» деді А.Асан.

Біліп тұрған оқушыны қатты қинамайтын ұстаздар үміткер Аралбай Асан мен Наятулла Бөрібаевтың жауаптарына көңілдері толатындарын, қаңтардың 10 күні, яғни, сайлау күні «Nur Otan» партиясына жоғары баға қоятындарын жеткізді.

«Студенттерді сағындық. COVID-19 пандемиясы білім беру жүйесін өзгертті. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері өздеріңіз білесіздер, қашықтан оқып жатыр. Бұрынғыдай жүзбе жүз оқуға тезірек көшсек екен дейміз. Иә, пандемия уақытша екенін түсінеміз. Қиындыққа бірге шыдаймыз. Сіздердің аудандағы жомарт жандардың басын қосып, осы қиын кезеңде елудей отбасына азық-түлікпен көмектесіп жүргендеріңізді білеміз. Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!»,- деп колледж қызметкерлері «Nur Otan» партиясына және оның үміткерлеріне ақ жол тіледі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Отырар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған