Вьетнамда ең бай әйел өлім жазасына кесілді
Сот оны 2011-2022 жылдар аралығында Сайгон коммерциялық банкінен 304 триллион ВНД (шамамен 12,5 миллиард АҚШ доллары) несие алғанын анықтады. Бұл Вьетнамның 2022 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 3% құрайды. Оның кесірінен бьюжет 27 миллиард доллар шығын тартқан.
Фото: ВВС
Вьетнамның ең бай әйелдерінің бірі алаяқтықтан айырылды. Егер ол 9 миллиард доллар жинай алмаса, өлім жазасына кесіледі. Бұл жөнінде ВВС жазды.
Вьетнамдық іскер әйел, елдің ең бай әйелдерінің бірі Чонг Май Лан алаяқтық ісіне ілікті және өлім жазасына кесілді. Ол алаяқтықпен тапқан соманың төрттен үш бөлігін, яғни 9 миллиард долларды төлесе, өлім жазасынан құтыла алады. 68 жастағы Чонг Май Лан сәуір айында өлім жазасына кесілген болатын.
Сот оны 2011-2022 жылдар аралығында Сайгон коммерциялық банкінен 304 триллион ВНД (шамамен 12,5 миллиард АҚШ доллары) несие алғанын анықтады. Бұл Вьетнамның 2022 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 3% құрайды. Оның кесірінен бьюжет 27 миллиард доллар шығын тартқан.
Вьетнам заңына сәйкес, экономикалық қылмысы үшін өлім жазасына кесілгендер ұрланған қаражаттың 75 пайызын қайтарса, өлімнен аман қалу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондықтан Май Лан өлім жазасына кесілмеуі үшін шамамен 9 миллиард доллар төлеуі керек.
Апелляциялық шағым түсірген кәсіпкер әйелдің қорғаушысы жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына өзгертуді сұрады. Адвокаттардың айтуынша, сотталған адамның үстінен өлім жазасы қаупі төнбесе, оған қажетті соманы өндіру әлдеқайда жеңіл болады. 9 миллиард доллар жинау үшін Май Лан компаниясы Хошиминдегі жылжымайтын мүлік, бизнес пен құрылыс жобаларындағы акциялар мен үлестеріндегі активтерді жоюы керек.
«Оның активтерінің жалпы құны талап етілетін өтемақы сомасынан асып түседі, – деді оның адвокаттарының бірі BBC-ге. – Алайда, оларды сату көп күш пен уақытты қажет етеді».
Қорғаушы тараптың дәлелдеріне қарамастан, сот Май Ланның үкімін өзгертпеді. Оның әлі де президенттен рақымшылық жасауды сұрауға мүмкіндігі бар.
Үкімнің нақты қашан орындалатыны белгісіз: Вьетнам өлім жазасын мемлекеттік құпия ретінде қарастырады және ол туралы мәліметтерді жарияламайды. Әдетте, үкім шығару мен орындау арасында бірнеше жыл кетеді, дегенмен сотталғандарға өлім жазасын атқару туралы аз уақыт қалғанда хабарланады.
Май Лан ісі – Вьетнамдағы әйелдердің экономикалық қылмыс үшін өлім жазасына кесілген сирек жағдай. Бұл бір жағынан қылмыстық істің бұрын-соңды болмаған ауқымдылығына байланысты. Вьетнамның Мемлекеттік банкі банк секторындағы дүрбелеңді болдырмау үшін Сайгон коммерциялық банкін қайта капиталдандыруға миллиардтаған доллар жұмсаған сияқты.
Қылмыстық іске Май Ланнан басқа 85 адам қатысқан, оның күйеуі мен жиені де бар. Олардың барлығы кінәлі деп танылып, алды үш жыл шартты жазаға, қалғаны 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қазан айында Май Лан басқа қылмыстық іс – ақшаны жылыстату бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.