Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз

Malim Админ

  • 15.12.2020

Парияның сайлауалды бағдарламасында шағын жіне орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы тармақтар айтылған. Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді. Дегенмен биылғы жылғы COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында келер жылға біршама жаңа жобалар қарастырылған.

«“Nur Otan” алға қойған мақсатқа жету үшін бірінші кезекте қолдаушылардың ұсыныс пікіріне құлақ асады» деді базар ұжымымен кездескен партия жақтастары. Бірінші кезектегі міндет - қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтпау. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері орасан зор. Партиялықтар, сайлаушылардың ұсыныс-пікірін тыңдап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған