457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жанболат Мамай түрмеге қамалатынын хабарлады

Партия құрғысы келіп, билікпен күресуге әрекеттеніп жүрген Жанболат Мамай тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл хабарды белсендінің өзі Facebook парақшасында былайша мәлім етті:

«Сталин» мені қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырып жатыр

Жаңа ғана телефоныма «Сталиннен» хабарлама келді. «Сталин» деп отырғаным, whatsapp-тағы суреті ретінде Сталиннің фотосын іліп қойған тергеуші хат жіберді.

Ертең, 15-желтоқсан сағат 15-00-ге Алматы полиция департаментіне тергеуге шақырып жатыр. 274-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соған байланысты мені тергеуге шақырып жатыр. Бұл біздің халыққа несиелік амнистия жариялау қажет деген талабымызға тікелей байланысты екені сөзсіз.

Бірақ мен ашық айтамын: еш уақытта жалған мәлімет таратқан жоқпын, таратуым да мүмкін емес. Бірнеше рет Агенттік басшылығымен кездестік, халықты сол органға апардық. Ал мұның қай жерінде «жалған» ақпарат тарату бар?

Соңғы күндері 10-шақты көліктің артымнан ілесіп жүргеніне, үйімді толық қоршауға алғанына қарағанда, ертең алаңға шығармас үшін қамауға алуы да мүмкін деп күдіктенемін.

«Жанболат Мамай неге қамалмайды?» деген кейбір азаматтар: соңғы күндері бұл менің үстімнен қозғалған екінші қылмыстық іс. Біріншісі жеңілдеу баппен қозғалса, қазіргі айыппен 3 жылға дейін қамалуым не бостандығым шектелуі мүмкін.

Демократиялық партияға, жеке маған қысым осылайша күшейді. Билік барын салып, біздің аузымызды жауып, түрмеге қамау туралы шешім қабылдағанға ұқсайды.